Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің “Тарих және құқық” кафедрасы, 6В04210-Құқықтану білім беру бағдарламасы ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар бойынша № 1 Талант жалпы білім беретін мектептің 11 сынып түлектерімен кездесті.
Кәсіптік бағдар берудің мақсаты – оқушыларға өзінің қабілетіне сай оқу бағдарын тандауда кеңес беру, соның негізінде болашақ мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.
Айта кетейік, кәсіпті бағдар жүргізу барысында оқу ордамыз тарихы кеңінен таныстырылып, білім беру бағдарламалары бойынша оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.✅