Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде бүгін мектеп оқушылары үшін қызықты әрі танымдық ашық есік күні өтті. Іс-шараға қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Университетке келген жасөспірімдер ЖОО танысып, оқу бағдарламалары мен инфрақұрылымы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, қонақтар үшін университет бойынша экскурсия ұйымдастырылып, оқушылар кітапханаға, заманауи компьютерлік сыныпқа және оқу аудиторияларына аралады.
Бастысы қонақтар үшін арнайы университеттік өмір атмосферасын өз көздерімен сезінуге мүмкіндік беретін ойын-сауық бағдарламасы ерекше қызықты ұйымдастырылды. Бұл жастар болашақта беделді оқу ордасының академиялық қауымдастығының бір бөлігі болуды шешсе, оларды алда не күтетінін елестетуге тамаша мүмкіндік болды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар университет туралы журнал мен ХДУ атауымен жазу дәптерін балаларға сыйға тартты. Мұндай іс-шаралар әрбір оқушыны өзін бір күн “студент” сезінуге мүмкіндік береді. Ол үшін міндетті түрде абитуриент болудың қажеті жоқ, тек университеттің ашық есік күнін өткізу жеткілікті,-дейді ұйымдастырушылар.