Өзбекстан Республикасы Қоқан мемлекеттік университетінің профессор –оқытушылар құрамы 05-31 қаңтар аралығында академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 144 сағат көлемінде “Информатика және математика” кафедрасында ғылыми –педагогикалық тағылымдамадан өтті. Осы уақыт ішінде Қоқан мемлекеттік университетінің профессор –оқытушылар құрамымен PhD, доцент Д. Д. Ароевпен, ф-м.ғ. к., доцент Х. К. Жұмағұловпен және аға оқытушы М. М. Сүлеймоновпен бірлесіп екі ғылыми мақала және бір оқу құралы дайындалып, баспаға ұсынылды.
Жоғарыда аталған профессорлық-оқытушылық құрамды біздің оқу орнымыздың тәжірибелі оқытушылары басқарды. Атап айтқанда, ф-м. ғ. д., профессор Б. Т. Қалымбетов, техн.ғ. к., профессор М. и. Ақылбаев және п.ғ.к., доцент А. Қарабаев сабақтар өткізу, ғылыми мақалалар жазу және басқа да әдістемелік жұмыстар тәжірибесімен бөлісті. Тағылымдаманың соңғы күні Қоқан мемлекеттік университетінің профессор –оқытушылар құрамына дәстүрлі түрде сертификаттар табысталды.