Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 20.01.2025 ж. күні «Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе» бөлімі және маман дайындаушы кафедралардың ұйымдастыруымен білім алушыларға:
- 2 курс педагогикалық-психологиялық; 3- курс педагогикалық; 4- курс білім алушыларына өндірістік және диплом алды іс-тәжірибеге ұйымдастыру конференциясын өткізді. Конференцияға;
- «Педагогика және психология»;
- «Филология»;
- « Тарих және құқық»;
- «Экономика»
- «Дене шынықтыру және спорт»;
- «Информатика және математика»;
- «Химия және биология»;
- «Мұнай және құрылыс өндірісі»,
- «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», кафедраларының білім алушылары мен іс-тәжірибеге жауапты оқытушылары қатысты. Атап айтсақ, Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Б. Садықов., Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің деканы А. Купешева, «Жұмыспен қамту және іс тәжірибе бөлім меңгерушісі А.Шалкеева, кафедрадағы іс-тәжірибеге жауапты оқытушы профессорлық құрам қатысты. Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлім меңгерушісінің орынбасары М. Майлыбаев іс-тәжірибеге қажетті құжаттары талапқа сәйкес рәсімдеу туралы толық ақпарат берді.
Жастардың сапалы маман иесі болып шығуына, білім алушылар теория мен тәжірбиені ұштастырып жұмыстар жасауына және олар іс-тәжірибе барысында озат мамандардан үйреніп, жаңа жабдықталған технологияны және әдістерді не үйрену керектігін түсіндіріп өтті. Конференцияның соңында білім алушылар түсінбеген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Өресі биік ой-пікірлерге толы конференция білім алушылардың практика алдындағы үлкен рухани серпілісі болды.