2025 жылдың 1 ақпаны, өткен сенбіде, Қазақстанның оңтүстік өңірін ғана емес, бүкіл елді дүр сілкіндірген маңызды оқиға орын алды. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен оған қарасты ұйым өкілдері, университет ректорлары, академиктер, ғалымдар, кәсіпкерлер, меценаттар, спортшылар, жастар белсенділері және басқа да көптеген қонақтар Академик А.Куатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 25 жылдығына арналған салтанатта бас қосты.
2025 жылы 1 ақпан күні Академик Әблімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті «GLOBAL SAPA» Халықаралық білім беру орталығымен бірлескен түрде Webster университетімен, Ташкент қаласындағы Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетімен, Ташкент мемлекеттік архитектура құрылыс университетімен, Қырғызстан Республикасы, Халықаралық Кувейт университетімен, Отандық университтермен Мухамед Хайдар Дулати атындағы Тараз университеті Коммерциялық емес қоғаммен, Қызылорда Қорқыт ата атындағы университеті Коммерциялық емес қоғаммен, Қызылорда ашық университеттерімен және сол сияқты Отандық университтермен халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында келісім шартқа қол қою рәсімін өткізді.
Бұл іс-шара алыс және жақын шет елдері арасындағы білім беру саласындағы байланыстарды одан әрі дамытуға арналған маңызды қадам болып табылады. Бұл шараның басты мақсаты-ғылым және білім саласындағы заманауи әдіс тәсілдерді үйрету, тәжірибе алмасу және олардың кәсіби біліктілігін арттыру.
Webster University — бұл халықаралық жоғары оқу орны, оның негізгі кампусы АҚШ-тың Сент-Луис қаласында орналасқан. 1915 жылы негізі қаланған университет көптеген елдерде филиалдары мен кампустары бар. Webster University академиялық бағдарламаларының сапасы жоғары, және олар халықаралық деңгейде танылған.
Webster University-дің негізгі ерекшелігі — бұл оның бүкіл әлем бойынша ұсынылатын халықаралық бағдарламалары мен дәрістерінің мультимәдениетті сипаты. Университетте студенттерге бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім беріледі, сонымен қатар кәсіби даму курстары да ұсынылады.
Қазіргі уақытта университеттің 50-ден астам елде кампустары мен филиалдары бар, оның ішінде Еуропа, Азия, Африка және Латын Америкасында да. Бұл университет өз студенттеріне әлемдік деңгейдегі білім беру мүмкіндігін ұсынып, оларды халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар ретінде даярлайды.
Қол қойылған келісімдер университеттер арасында білім алушылардың, профессор оқытушылардың алмасу, ортақ зерттеу жобалары және оқу бағдарламаларын жетілдіру бағытындағы бірлескен жұмыстарды қамтиды.
Аталған іс шара білім беру жүйесінде халықаралық деңгейде серіктестік орнатуға және түрлі мәдениеттер мен білім беру тәжірибелерін біріктіруге бағытталған маңызды бастама болды.
Қазақстан мен Өзбекстан, Қырғызстан