Техникалық мамандықтарға арналған жаңа «Next Step» ғылыми-техникалық зертханасының ресми түрде ашылуы

2025 жылдың 1 ақпан күні, Академик А.Куатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 25 жылдығын атап өту салтанатында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен оған қарасты ұйым өкілдері, университет ректорлары, академиктер, ғалымдар, кәсіпкерлер, меценаттар, спортшылар, жастар белсенділері және басқа да көптеген қонақтар жиналды, осы шара аясында Халықаралық стандарттағы «Достық» спорт кешенінің, жаңа оқу корпусының капсуласын салу рәсімі, IT Hub және Coworking zone ресми түрде ашылу рәсімі, университеттің жаңа 7қабатты заманауи оқу ғимаратындағы панорамалық көріністегі цифрлық акт залының ашылуы, «Next Step» ғылыми-техникалық зертханасының салтанатты ашылуы болып өтті.

Барлық қонақтар IT Hub кеңістігінің материалдық-техникалық жабдықталуын (8 суперкомпьютер, түрлі-түсті баспа принтерлері, 4 3D принтер, 4 интерактивті сенсорлы панель және т.б.) жоғары бағалады.

Сонымен қатар, техникалық мамандықтарға арналған жаңа «Next Step» ғылыми-техникалық зертханасының ресми түрде ашылуы, білім алушыларға беріліп отырған үлкен мүмкіндік деп білеміз. Академик А.Куатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің басқа жеке университеттерден де ерекшелігі техникалық мамандықтардың болуы. Бұл университетте білім алушылар үшін барлық мүмкіндіктер жаратылған.

Зертхана ғимараты үш қабаттан тұрады. Бірінші және екінші қабаттарда  «Химия», «Биология», «Құрылыс», Органикалық заттардың химиялық технологиясы», ал үшінші қабатта «Рдиоэлектротехника», «Электронергетика» білім беру бағдарламаларына арналған ғылыми техникалық зертхана болып есептеледі. Бұл зертханалар білім алушыларға теориялық білімді практикамен ұштастырып, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. ғылыми техникалық зертханадан тыс, университет көптеген ірі кәсіпорындармен келісімшарт жасасқан.

Университетіміздің ректоры м.ғ.д., профессор Р.А.Куатбекова, ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және  «Мұнай және құрылыс өндірістері» кафедрасының меңгерушісі профессор Г.И. Махмудова  6В07320 – Құрылыс білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми техникалық зертханада.

Барлық аталған жаңалықтар университеттің ғылым мен білім саласындағы дамуын әрі қарай нығайтуға және болашақ мамандарды жоғары деңгейде даярлауға бағытталған.

Scroll to Top
Scroll to Top