Екі жақты келісім білім алушылардың халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауына және туризм, қонақүй менеджменті саласында жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
Меморандум аясында:
Білім алушылар үшін шетелдік іс-тәжірибе ұйымдастырылады. Қонақүй индустриясында кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік болады. Туризм және сервис саласындағы мамандарды бірлесе дайындау жоспарланды. Бұл кездесу білім алушыларға шетелде тәжірибе жинауға, жаңа кәсіби құзіреттіліктеріне қол жеткізу және туристік салада мансаптық болашағына үлкен қадам болмақ.
Кездесу соңында, білім алушылар белсенділік танытып, қонақүй саласындағы мансаптық өсу, халықаралық тәжірибе, жұмыс шарттары, және т.б сұрақтар қойды.
«Armas» қонақ үйлер желісі өкілдері білім алушыларының барлық сұрағына жауап беріп, тәжірибе жинақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.