2025 жылдың 14 наурыз күні «Экономика» кафедрасы «Кәсіптік бағдар беру» жұмыс жоспарына сәйкес, Білім беру бағдарламаларының ПОҚ ұйымдастырған мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік күні» өткізілді. «Ашық есік күні» бұл жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі іс шара. Бұл іс шара мектеп бітіруші оқушыларымыздың жоғары оқу орнымен танысуына, болашақ БББ таңдауда үлес қосу. Сонымен қатар, бітіруші мектеп оқушылары арасында «Қаржылық сауаттылық-қоғам талабы» атты тақырыбында олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиада оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, Білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерімен танысуға, қызығушылықтарын оятуға бағытталған.
Іс-шараға Шымкент қаласының жалпы орта білім беру мекемелерінің бітіруші сынып оқушылары қатысты.
- №36 Қазыбек би атындағы ЖББМ
- №40 Алпамыс атындағы мектеп-гимназия
Мектеп оқушылары «Қаржылық сауаттылық-қоғам талабы» тақырыбы бойынша берілген сұрақтарға өз ойларын жеткізді. Қаржылық сауаттылыққа байланысты кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мектеп оқушыларына арналған түрлі мысалдар келтіре отырып ақпараттар берілді.
Мектеп оқушылары белсенді қатысқандары үшін I, II, III дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған оқушыларға кафедра меңгерушінің м.а., С.М.Тулебаева дипломдар және алғыс хаттарын табыс етіп, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Ашық есік күні, олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу оқушылардың қаржылық сауаттылық тақырыбында білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ білім беру мекемелерінің ЖОО байланысын нығайтуға ықпал етті. Мектеп оқушылары оқу үрдісі, ішкі тәртіп бойынша өзекті сұрақтарға жауап алды.
Кездесудің соңында фотосуреттер түсіріліп, университеттің ғимаратымен таныстырылды. Барлық қатысушылар осындай іс шаралардың олардың білімі мен болашақ кәсіби қызметі үшін маңыздылығы атап өтіп, жағымды әсер қалдырды.