2024 жылдың 06 наурызы сағ 10.00. Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде, педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша Педагогика және психология,Филология, Тарих және құқық, Дене шынықтыру және спорт, Информатика және математик, Химия және биология кафедралары бойынша ұйымдастыру конференциясы өткізілді.
Конференция барысында білім алушылар практиканың мақсат, міндеттерімен танысты. Конференцияға Түлектерді жұмыспен қамту және іс-тәжірибе» бөлім меңгерушісі А.А.Шалкеева, «Жаратылыстану инженерлі факультеті» деканы З.Илесов, «Гуманитарлы педагогикалық факультеті» деканы А.Купешева, Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Б.Садықов, кафедра меңгерушілері және іс-тәжірибеге жауапты оқытушылар қатысты.
Білім алушыларға практика құжаттары туралы «Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе» бөлім меңгерушісінің орынбасары М.Майлыбев кеңінен түсіндіріп өтті. М.Майлыбаев іс-тәжірибеге қажетті құжаттар туралы, сондай-ақ диплом алдындағы практиканың мақсатын, арнайы пәндерді оқу кезінде алынған теориялық білімді жинақтау және жүйелеу болып табылатынын және таңдаған мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе алу, болашақ мамандардың кәсіби дағдылары мен құзыреттілігін практикалық дамыту екендігін түсіндіріп өтті .
Ұйымдастыру конференциясында студенттерге сапалы маман иесі болып шығуына, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогикалық практикадан өтуде баға қою тәсілдерін, практикадан өту барысында мамандықты терең игеріп мамандану сертификат алу қажеттілігін, тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйренуі қажет екендігін атап өтті.
Қорыта келе іс-тәжірибе білім алушыларға кәсіби өсуге, жеке құндылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік жасайтындығын үйреншікті теорияны тәжірибелік жағдайларда қолдану керектігін, білім алушыларымыз ттүсінді.
Конференцияның соңында студенттер түсінбеген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.