Аталған жарыс елдің үздік студент спортшыларын біріктіріп, тартысты әрі қызықты өтті. Турнир барысында университет құрамасы ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті.
Команда сапында өнер көрсеткен студенттер өздерінің кәсіби дайындықтарын дәлелдеп қана қоймай, оқу орнының абыройын асқақтатты. Жеңіс қорытындысы бойынша команда ойыншысы арнайы дипломмен марапатталды.
Бұл жетістік – университетте спортты дамытуға жасалып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі. Сонымен қатар, студент жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, командалық рух пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады
