2025 жылғы 13 мамырда «Тарих және құқық» кафедрасының профессор оқытышы құрамымен 2025-2026 оқу жылына арналған 604210 – «Құқықтану» Білім беру бағдарламасы талқыланды. Іс-шараның мақсаты-бағдарламаның мазмұнын өзектендіру және құқық саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыру.
Талқылауға Шымкент қаласы Әділет басқармасының, Шымкент қаласы соттарының әкімшісінің, сондай-ақ Шымкент қаласы бойынша ҚР ІІМ оқу орталығының өкілдері қатысты. Сондай-ақ оқытушылар құрамы, бағдарлама жасаушылар және қызығушылық танытқан жұмыс берушілер қатысты.
Кездесу аясында келесі негізгі мәселелер қаралды:
1.Білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны;
2.Түлектердің кәсіби құзыреттеріне қойылатын талаптар;
3.Студенттердің практикалық дайындығын күшейту бойынша ұсыныстар;
4.Құқықтық және мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастықты кеңейту перспективалары.
Іс-шара аясында Шымкент қаласы бойынша ҚР ІІМ оқу орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат білім алушыларды практикалық даярлау, тағылымдамадан өту және оқытушылар мен практиктер арасында тәжірибе алмасу бойынша бірлескен жұмысты көздейді.
Талқылау қорытындысы бойынша академиялық қоғамдастық өкілдері мен практиктердің қатысуымен бағдарламаны пысықтау және жаңғырту жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Іс-шара сындарлы атмосферада өтті. Барлық ұсыныстар бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында оқу бағдарламасын жаңарту процесінде ескерілетін болады.