Педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша 4 курс білім алушыларының қорытынды конференциясы өтті

13.05.2025ж сағ 10:00де университеттіміздің Акт залында педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша 4 курс білім алушыларының қорытынды конференциясы өтті. Дипломалды және өндірістік іс-тәжірибе есептерін сапалы қорғап, тыңдалып, өте жақсы деп бағаланды.

Сонымен қатар, 6В01310-«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4 курс GB131—21 оқу тобының бітіруші түлектері мектептің алғыс хатымен марапатталды. Атап айтатын болсақ, №135 Жалпы орта білім беретін мектебі – Азат Айым, Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы – Маматсабирова Фатима. Сонымен қатар, бітіруші түлектердің теориялық білімдерін, іс—тәжірибемен  ұштастырып жақсы нәтиже көрсете білгендері үшін, Университет ректорының атына  Р.Ә.Қуатбековаға   алғыс хаттарын жолдаған.

Scroll to Top
Scroll to Top