Ағымдағы жылдың 12-15 мамыр күндері аралығында Жызақ политехникалық институтының информатика және ақпараттық жүйелер білім бағдарламалары бойынша 5 профессор оқытушылар құрамы 2 оқу орнының арасында жасалған меморандум негізінде біздің оқу орнымызда болып, бірқатар жұмыстар атқарды, атап айтар болсақ:
- Информатика және математика кафедрасы профессор оқытушылар құрамымен бірге дөңгелек үстел өткізді;
- Кафедраның тұрақты семинарында ғылыми баяндама жасады;
- Бірлескен оқу бағдарламаларын құру мақсатында пікір алмасты;
- Ғылыми конференцияларды бірлесіп өткізу;
- Оқу бағдарламаларына тиісті оқулық пен оқу құралдарын бірлесіп даярлау;
- Халықаралық мәліметтер қорына енетін басылымдарға бірлесіп ғылыми мақалалар дайындау.
Осы оқу жылының аяғында біздің оқу орнымыздың профессор оқытушылар құрамы іс-сапармен Жызақ қаласына баруға уағдаласты.