2025 жылдың 22 сәуір күні академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Ғылым күніне» және академик Е.Бөкетовтің 100 жылдық мерейтойына арналған студенттердің ІІІ Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы табысты өтті
Аталған конференция аясында шетелдік жоғары оқу орындарынан – 8, еліміздің жетекші университеттерінен – 17 ғылыми мақала келіп түсті. Сонымен қатар, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері тарапынан 534 ғылыми мақала ұсынылып, олар конференция материалдар жинағына енгізілді.
Бұл көрсеткіш университетімізде білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысатынын және болашақ жас ғалымдардың қалыптасуына зор мүмкіндік жасалып жатқанын айғақтайды.