Жұмыс берушілермен кездесу

13.05.2025 жылы  «6В04210-Құқықтану» кафедрасы саласы бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын  жұмыс берушілермен кездесу өткізілді.

     Кездесудің мақсаты- Әдістемелік білім жүйесін  дамытуға және , заманауи білім беру технологияларын меңгеру, теориялық білім мен практикалық дағдыларды жаңарту. Білім беру бағдарламасына өзгерістер енгізу және, бағдарламалардың мазмұнын жетілдіру, қайта қарау.

Кездесуге  университетіміздің ректоры м..ғ.д. профессор – Қуатбекова Рабиға Әбдумусақызы, ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының бастығы Алиев Асылбек Қадырұлы, Шымкент қаласы бойынша әділет департаменттінің орынбасары Досанова Раушан Серикбаевна, Сот Әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаменттінің құжат  айналымы  бөлімінің  басшысы  Утегенов Нурсултан  Батырханұлы, түлектерді жұмыспен қамту және іс тәжірибе бөлім меңгерушісі А.А.Шалкеева, проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен білім алушылар қатысты.

Түлектердің практикалық дағдыларын жетілдіру, құқықтық ортада кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері басты назарға алынды.

Кездесу нәтижесінде ІІМ оқу орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, білім алушыларға тағылымдамадан өту және нақты тәжірибемен шыңдалу мүмкіндігі ашылды.

 

Оқу орнымыздың  ректоры м..ғ.д. профессор – Қуатбекова Рабиға Әбдумусақызы  мен  ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының бастығы Алиев Асылбек Қадырұлының меморандумға қол қою кезеңдері

 

 

 

 

 

 

 

Меморандумның мақсаты жоғары білікті кадрлардың біліктілігін арттыруға және даярлауға, теориялық және тәжірибелік білім алмасуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарға көмек көрсетуге бағытталған ұзақ мерзімді, тиімді ынтымақтастықты дамыту және өзара келісім негізіндегі бірлескен қызметі болып табылады.

Меморандум шеңберінде келесі іс-шаралар жоспарлануда:

Университетпен бірлесіп азаматтық корғау саласында теориялық және тәжірибелік көмек көрсету;

1.Білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны;

2.Түлектердің кәсіби құзыреттеріне қойылатын талаптар;

3.Студенттердің практикалық дайындығын күшейту бойынша ұсыныстар;

4.Құқықтық және мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастықты кеңейту перспективалары.

Барлық ұсыныстар мен пікірлерді ескере отырып, бағдарламаны жаңғыртумен айналысатын жұмыс тобы құрылды.

Заманауи талаптарға сай, сапалы құқықтық білім – біздің басты мақсатымыз!

Scroll to Top
Scroll to Top