⚜️1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, “Қазақстан балалары” ұлттық бағдарламасы аясында “Бақытты балалық шақ – жарқын болашақ” тақырыбында іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараға «Педагогика және психология» кафедрасының магистр, аға оқытушылары А.С. Абдибекова мен Г. Мықтыбекқызы, сондай-ақ «6В01420 – Музыкалық білім» және «6В01910 – Арнайы педагогика» білім беру бағдарламаларының білім алушылары қонақ ретінде қатысты.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ете отырып, олардың бақытты балалық шағы туралы өз көзқарасын еркін әрі шығармашылық жолмен жеткізуіне мүмкіндік жасау болды.
Іс-шара барысында балалар ән салып, би биледі. Олар өз ойларын еркін жеткізіп, қиялдары мен арман-тілектерін шығармашылық арқылы бейнелей алды. Нәтижесінде балалардың бойында сенімділік артып, өз өнерін көрсетуге деген қызығушылығы мен талпынысы күшейді.
Балалардың шығармашылығы – олардың жүрегінің үні. Ал бақытты балалық шақ – жарқын болашақтың кепілі!