26.05.2025 жылы Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Экономика» кафедрасы «Жоғары оқу орындарының БББ еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестендіру арқылы білікті, заманауи талаптарға жауап беретін мамандар даярлау үшін дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесудің мақсаты жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, еңбек нарығының талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлау, өзгерістер енгізу және, бағдарламалардың мазмұнын жетілдіру, қайта қарау жұмыс берушілермен білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
Аталған шараға: университетіміздің ректоры м..ғ.д. профессор – Қуатбекова Рабиға Әбдумусақызы, Жумжаев Галым Куралбекович– ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сорттау сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ Түркістан облыстық филиалы басшысы;
Мақұлбаев Әбдібақыт Тілләбайұлы- ҚР АШМ АӨК Шымкент қаласы бойынша инспекция директоры;
Таласов Муслим Жаппаевич– ЖШС «Эко-Фарм» директоры және түлектерді жұмыспен қамту және іс тәжірибе бөлім меңгерушісі А.А.Шалкеева, проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен білім алушылар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жоғары білімді бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мәселелесі, олардың одан әрі жұмысқа орналасуы, білім сапасын көтеру және түлектердің кәсіби қасиеттерін дамыту, сондай-ақ университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту мәселелереі кеңінен қарастырылды. Жұмыс берушілермен кездесу барысында жасанды интеллект (ЖИ) қолданудың инновациялық технологиялары мен әдістері талқыланды. Жасанды интеллект қазіргі таңда көптеген салаларда тиімділікті арттыруға, процестерді автоматтандыруға және шешімдер қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Оқытудың дуальды форматы элементтерін енгізудің тиімділігі, жас мамандарды қолдаудағы әлеуметтік саясат мәселелері қарастырылып өзекті сұрақтар қойылып, көкейтесті мәселелер талқыланып, кадрлық әлеуетін күшейту және жаңарту жолдары қолға алынды.
Аталған тақырып бойынша жұмыс берушілер тарапынан қызу талқылау өтті.