09.09.2025 ж. күні «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушыларының «Өндірістік (педагогикалық)» іс-тәжірибеден өтуі ұйымдастырылды.

09.09.2025 ж. күні «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушыларының «Өндірістік (педагогикалық)» іс-тәжірибеден өтуі ұйымдастырылды. Іс-тәжірибе «Алан» Халықаралық мектебі мен университет арасындағы келісім-шарт негізінде жүзеге асырылуда. Практика барысына жауапты — кафедра оқытушысы Кыпшакбаева Сара Абдиевна. Іс-тәжірибе басталар алдында білім алушылар мектеп директоры Тажиева Жанат Арысбаевнамен кездесіп, оқу орнының ішкі тәртібімен және мектеп мұғалімдерімен танысты. Сонымен қатар, студенттер оқу процесіне белсенді араласу үшін сыныптарға бөлінді.

Бұл педагогикалық іс-тәжірибе болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға бағытталған.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх