2025 жылдың 30 қыркүйегінде Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Қазақстандағы жасанды интеллект апталығы және UDN IT апталығы аясында цифрлық офицерлер А. Жақсылықов, Б.Е. Жақыпбаев, және А.М. Асаубай «M3GAN 2.0» (ол жасанды интеллект және өзін-өзі танып-біліп, адамзатқа қарсы шығуға дайын робот-тыңшы туралы) — американдық ғылыми-фантастикалық экшн-фильмнің IT-көрсетілімін ұйымдастырды және өткізді. IT студенттері бұл іс-шараға риза болды. Көрсетілімнен кейін жасанды интеллектінің қаупі мен пайдасы туралы қызу пікірталас туды.
