Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Аталған байқау жыл сайын студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру және ғылымға деген қызығушылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылады.
Биылғы жылы университетіміздің белсенді және ізденімпаз студенттері өздерінің ғылыми жобаларымен жоғары нәтиже көрсетіп, түрлі бағыттар бойынша үздік деп танылды. Студенттердің табысына үлес қосқан ғылыми жетекшілердің еңбегі де ерекше атап өтіліп, марапаттар табыс етілді.
Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген университет басшылығы студенттер мен жетекшілердің еңбегіне жоғары баға беріп, олардың ғылым жолындағы жетістіктері университет беделін арттыра түсетінін атап өтті.
Бұл жетістік – білім мен ғылымды ұштастырып, жастардың ғылыми ізденісін қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі.
Жеңімпаздарды және олардың ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа шығармашылық табыстар мен ғылыми биіктер тілейміз!
