Абай ауданының прокуратурасы 27 қараша күні Шымкент қаласындағы №140 жалпы орта білім беретін мектепте оқушылардың кәсіпке және мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында кең көлемді кәсіби бағдарлау жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Жәрмеңкеге қаладағы барлық жалпы орта, кәсіптік және жоғары оқу орындарының кәсіби бағдар мамандары мен белсенді студенттері қатысты.
Мамандар 9–11 сынып оқушыларына өз оқу орындары мен білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат беріп, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар көрсетті. ✨
Оқушылар үшін пайдалы кездесу
Әртүрлі мамандықтар туралы толық ақпарат
Болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік
Болашақ мамандар — бүгінгі оқушылар
