Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жатақханасы басты назарда.

Бүгін университеттің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Б.К. Садыков, жастар бөлімі мамандары және белсенді жастар жатақханаға арнайы барып, студенттердің күнделікті тыныс-тіршілігімен, тұрмыс жағдайымен танысып шықты.

Басты мақсат — жатақханадағы қауіпсіздік пен тәртіпті қадағалау, студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын бақылау, сондай-ақ жастардың ұсыныс-пікірлерін тікелей тыңдау.

Кездесу барысында студенттер өз ойларын ашық айтып, бірқатар маңызды мәселелер талқыланды:
— Тазалық пен тәртіпті сақтау
— Құқық бұзушылықтың алдын алу
— Жатақхана ішіндегі жайлылықты арттыру
— Белсенді жастардың бастамаларын қолдау
— Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру

Университет әкімшілігі барлық ұсыныстарды назарға алып, жатақханадағы жағдайды жақсартуға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх