Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Сиракьюс университетінің (Сиракьюз қ, Нью-Йорк штаты, АҚШ) Академиялық бағдарламалар жөніндегі директордың орынбасары, EAP/ESP курстарын басқарушы Оганесян Ольга және Түркістан облысының Білім басқармасы басшысы міндетін атқарушы Ғалымжан Орыновпен ресми кездесу өтті.
Кездесуден алдын қонақтар университет ректоры Рабиға Әбдімұсақызының қабылдауында болды. Ректор өз кезегінде университеттің тарихы, білім беру бағдарламаларымен таныстырды.Әңгіме барысында тараптар өзара ынтымақтастық жайында сөз қозғады. Содан кейін қонақтар университеттің профессор – оқытушы құрамымен, факультет декандары және кафедра меңгерушілерімен кездесті. Жиында академиялық ынтымақтастықты кеңейту, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға бағытталған ықтимал модельдер, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамының, докторанттар мен магистранттардың ғылыми тағылымдамаларын ұйымдастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
