2026 жылдың 9 қаңтар күні 8D01110-«Педагогика және психология» және 7М01110-Педагогика және психология білім беру бағдарламалары докторанттар мен магистранттар арасында шетелдік кенесшілермен «Web of Science базасында этнопедагогика» тақырыбындағы ғылыми мақалаларды интерпретациялау тәсілдері тақырыбында өткен онлайн ғылыми семинар жоғары деңгейде өтті.
Оған Yucel Gelisli – Gazi University, Türkiye Dildora Madzhitiva – International School of Financial Technology and Science, Uzbekistan, Nulufar Yldasheva – Tashkent Applied University, Uzbekistan, Akmataly Alimbekov – International Manas University, Kyrgyzstan, Madina Baybekova – Kuatbekov University, Kazakhstan, Mukhamedrakhim Kursabayev – Abai University, Qazaqstan, Talzhan Raimberdiev — Kuatbekov University, Qazaqstan, Bekzat Omarova — Kuatbekov University, Kazakhstan Laura Iskakova — Kuatbekov University, Kazakhstan және ғалымдар мен докторант, магистранттар қатысты.
Семинарда «Web of Science» — әлемдегі ең беделді ғылыми сілтеме‑қорында халықтың педагогикалық мәдениетін зерттейтін жоғары сапалы мақалалар шығару жолдары мен тәсілдері жан-жақты жас ғалымдарға зерделендірілді.
Тақырып докторанттар мен магистранттардың қызығушылықын оятты. Пікір-талас барысында докторанттар Қарлығаш Муратова мен Гүлім Дәулетханқызы өз ойларымен бөлісті.
Жиын шешімі бойынша Түркі халықтары педагогикасы мен психологиясын зерттеу лабораториясын құру, бірлескен ғылыми мақалалар жазу, жас ғалымдар арасында ғылыми жобалар сайысын өткізу жөнінде тоқтамға келді.
