Астана қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкіндегі бос лауазымдарға байланысты университетімізде студенттермен кездесу өтті.
Кездесуге Астана қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің рота командирінің орынбасары, полиция капитаны А.Муталхан, сондай-ақ университетіміздің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Б. Садықов, жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің басшысы А. Шалкеева қатысты.
Іс-шара барысында полиция капитаны А.Муталхан патрульдік полиция қызметінің ерекшеліктері, қызметке қабылдау талаптары мен мансаптық өсу мүмкіндіктері жөнінде кеңінен ақпарат берді. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға сала мамандары жан-жақты жауап беріп, ашық форматта пікір алмасу өтті.
Кездесу жастарды жұмыспен қамтуға, құқық қорғау саласына қызығушылықты арттыруға және кәсіби бағдар беруге бағытталған маңызды іс-шара болды.
