Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті «Филология» кафедрасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 23 қаңтарда Қарақалпақстан Республикасы Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық университетінің «Қазақ, түркмен тілі және әдебиеті» кафедрасының PhD, доценті Торткулбаева Турсынай Абдигазиевнаның қатысуымен «Қазақстаннан тыс жердегі қазақ әдебиеті мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.
Аталған ғылыми семинарға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар мен магистранттар қатысты. Семинар барысында Қазақстаннан тыс аймақтарда дамып келе жатқан қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері, тарихи-көркемдік ерекшеліктері, зерттелу бағыттары кеңінен сөз болды. Сондай-ақ шетелдегі қазақ қаламгерлерінің шығармашылығы, әдеби мұраны сақтау мен зерттеудің маңыздылығы жөнінде мазмұнды баяндамалар жасалды.
Ғылыми семинар пікір алмасу алаңына айналып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Іс-шара жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтіп, білім алушылар мен магистранттардың ғылыми ізденістерін дамытуға зор ықпал етті.
