Бүгін Академик Ә.Қуатбеков атындағы университеті өкілдері Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қанағат ауылындағы №7 Төле би атындағы жалпы орта мектеп бітіруші түлектерімен кездесу өткізді.
«Мамандықтар әлемі» атты кәсіби бағдар беру шарасында университет туралы кең көлемде ақпарат беріліп, бейнеролик арқылы оқу орнының мүмкіндіктері таныстырылды. Әр мамандыққа жеке тоқталып, білім беру бағыттары түсіндірілді. Сонымен бірге студенттің өмір жолы мен болашақтағы еңбек нарығындағы сұраныстар жайында мәлімет берілді.
Кездесу барысында ашық диалог алаңы құрылып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауап алды.
Болашаққа нық қадам – дұрыс таңдалған мамандықтан басталады!
