СЕМИНАР | Жасанды интеллект және оқу басылымдары

Университетімізде «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік оқу құралдарын әзірлеуде жасанды интеллект технологияларын қолдану» тақырыбында мазмұнды семинар өтті.

Семинар мақсаты – профессор-оқытушылар құрамына жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы ғылыми дәлдік пен терминологиялық бірізділікті сақтау, инклюзивтік пен гендерлік теңдік қағидаларын ұстану, сондай-ақ заманауи талаптарға сай оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу жолдарын таныстыру.

Сонымен қатар, жұмыс оқу жоспарына сәйкес оқу әдебиеттері жеткіліксіз болған жағдайда тиісті пәндер бойынша монографиялар мен оқу құралдарын баспа үйлерімен келісімшарт негізінде кітап форматында шығару мәселелері талқыланды.

Баяндамашылар:
Султанбекова Клара – «Жоғары білім беру саласында оқу басылымдарын әзірлеу»
Лапо Петр Михаилович – «Оқулық, оқу-әдістемелік әдебиеттер басылымдарының ЖИ мүмкіндіктерін практикалық тұрғыда қолданылуы»
Кескимбаева Нина Васильевна – «Жасанды интеллект: ұғымы және түрлері, кітапхана библиографиялық жүйесінде қолданылуы»
Байзақов Санжар Бақтиярұлы – «Нормативтік және этикалық аспектілер: ЖИ қолданудағы құқықтық және моральдық қағидалар»
Жәнібекова Забира Әбілханқызы – «Библиография және IRBIS кітапханалық-ақпараттық жүйесі»

Қорытынды:
Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын оқу құралдарын әзірлеуде тиімді қолдану жолдарын меңгеріп, ЖИ-ді пайдаланудағы нормативтік және этикалық талаптармен танысты.

Бұл бастама университетіміздің білім беру сапасын арттыруға және оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх