Студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған семинар өтті

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды семинар ұйымдастырылды. Шараны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – білім алушыларға мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндіктерін түсіндіру және eGov.kz порталы мен мобильді қосымшалар арқылы жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында мамандар электрондық үкімет порталының негізгі қызметтері, оларды тиімді пайдалану жолдары, сондай-ақ онлайн форматта анықтамалар алу, өтініштер беру және түрлі мемлекеттік қызметтерді рәсімдеу тәртібі туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, қатысушыларға мобильді қосымшалар арқылы қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу жолдары көрсетіліп, нақты мысалдар негізінде түсіндірілді.

Практикалық бөлімде студенттер мамандардың көмегімен eGov.kz жүйесіне кіріп, түрлі қызметтерді өз бетінше алып көру мүмкіндігіне ие болды. Бұл олардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді.

Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай форматтағы кездесулер студенттердің цифрлық дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, заманауи технологияларды тиімді пайдалануға деген қызығушылығын арттырды.

Аталған шара – жастардың цифрлық мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі тиімді пайдалануға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх