Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Шымкент қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 10–11 сынып оқушылары арасында өткен «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Білім додасына қаламыздың барлық мектептерінен жиналған дарынды оқушылар қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар күрделі есептерді шешу арқылы өздерінің математикалық білімін көрсетті.
Олимпиаданың басты ерекшелігі – жеңімпаздарға университетіміздің ректорының гранты:
🎓 Грант иегерлері: • Гафуржанов Ихтияр – 100% ректор гранты
* Жұман Меруерт – 100% ректор гранты
* Ташполатов Асилбек – 50% оқу жеңілдігі
* Ұлықпанов Ерхан – 50% жеңілдік сертификаты табыс етілді.
Бұл – жай ғана жеңіс емес, талапкерлер үшін үлкен сенім мен болашаққа берілген нақты жолдама.
Олимпиада қорытындысында университет ректоры Рабиға Әбдімұсақызы жеңімпаздарды арнайы құттықтап, оларға ректор гранттарын табыстады. Сонымен қатар, университеттің білім беру мүмкіндіктері мен студенттерге жасалатын жағдайлар туралы айтып өтті.
Аталған білім бәйгесі дарынды жастарды анықтап қана қоймай, олардың жоғары білімге қол жеткізуіне жол ашқан маңызды алаңға айналды
