2026 жылғы 16 сәуірде «Тарих, құқық және бизнес» кафедрасы экономикалық білім беру бағдарламалары аясында «Еңбек нарығының талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлау, жұмыс берушілермен білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының өзекті талаптарына бейімдеу, жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды.
Семинар барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
– білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілер талаптарына сәйкестендіру;
– өндірістік тәжірибені тиімді ұйымдастыру;
– түлектерді жұмысқа орналастырудың заманауи тетіктері;
– білікті жас мамандарды іріктеу жолдары;
– оқу процесіне ұсыныстар енгізу;
– университет пен жұмыс берушілер арасында ұзақ мерзімді серіктестік орнату.
Аталған бағыттар бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Семинар қорытындысы білім беру сапасын арттыруға және еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлау жүйесін жетілдіруге ықпал етеді деп күтілуде.
Семинарға кафедраның жұмыс беруші серіктестері қатысты:
– Таласов Мусилим Жапаевич – «Эко-Фарм» ЖШС директоры;
– Жумжаев Галым Куралбекович – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сорттау сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ Түркістан облыстық филиалының басшысы;
– Мусабекова Алия Собирхановна – «Корпорация АК ордасы» ЖШС бас бухгалтері;
– Толықбай Алмас Өмірбекұлы – Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі.
Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.
