UDNХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІАКАДЕМИК Ә. ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ

2 курс магистранттарының қатысуымен ғылыми семинар

2 курс магистранттарының қатысуымен ғылыми семинар

Университетте ғылыми-зерттеу жұмысының өзекті бағыттарына арналған, 2 курс магистранттары қатысқан ғылыми семинар ұйымдастырылып өткізілді.

Магистранттар ғылыми ізденістерінің нәтижелерін таныстырып, диссертациялардың теориялық және әдіснамалық мәселелері туралы пікір алмасты. Ғылыми зерттеудің заманауи әдістері, дереккөздермен жұмыс және ғылыми мақалаларды рәсімдеу ережелері кеңінен талқыланды.

Іс-шара жоғары ғылыми-танымдық деңгейде өтіп, магистранттардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастыруға және тәжірибе алмасуға ықпал етті. Соңында қатысушыларға ғылыми жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен алдағы зерттеу бағыттарына қатысты әдістемелік кеңестер берілді.

Шымкент қаласында Рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Шымкент қаласында Рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

4 маусымда Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Қатысқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздыков Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран елдің бірлігі мен тәуелсіздігінің басты нышандары екенін атап өтті.

Университетіміздің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Б. Садыковым бастаған студенттер мерекелік жиынға белсенді қатысып, мемлекеттік рәміздерге құрметін білдірді. Мемлекеттік рәміздер — халқымыздың тарихын, мәдениеті мен тәуелсіздігін бейнелейтін қасиетті құндылықтар.

Мұндай тағылымды іс-шаралар жастардың патриоттық рухын нығайтып, Отанға сүйіспеншілігін тәрбиелейді.

ҚР Студенттік спартакиадасы – 2026: «Достық» командасы волейбол турнирінде ІІ орын жеңіп алды!

ҚР Студенттік спартакиадасы – 2026: «Достық» командасы волейбол турнирінде ІІ орын жеңіп алды!

ҚР Студенттік спартакиадасы – 2026 аясында өткен волейбол турнирінде Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Достық» құрамасы 49 команданың арасынан екінші орынды иеленді! 🥈

Жарыс барысында спортшыларымыз жоғары шеберлік, ұйымшылдық және жеңіске деген табанды жігер таныта отырып, университет намысын абыроймен қорғады.

🏆 Турнир қорытындысы:
🥇 І орын — Спорт Академиясы
🥈 ІІ орын — УДН («Dostyk» командасы)
🥉 ІІІ орын — ҚазҰУ

Команданың жоғары нәтиже көрсетуіне зор үлес қосқан кафедра меңгерушісі Ә. Айтжанов пен жаттықтырушы С. Бектуреевке шын жүректен алғыс білдіреміз! Алдағы жарыстарда да жарқын жеңістер мен жемісті табыстар тілейміз! 🎉

2025-2026 оқу жылына арналған педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша ұйымдастырушылық конференция өтті.

2025-2026 оқу жылына арналған педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша ұйымдастырушылық конференция өтті.

2026 жылдың 22 мамырында Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде педагогикалық білім беру бағдарламаларының бірінші, екінші және үшінші курс студенттеріне арналған ұйымдастырушылық конференция өтті.

Іс-шараға Ш. Уәлиханов атындағы №18 жалпы білім беру мектебінің директоры Фарида Кеңесқызы Мырхеева; директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сабира Жанабайқызы Тайтелиева; мансаптық бағдар беру маманы Бағлан Талғатұлы Мәдібеков; факультет декандары; тағылымдама жетекшілері және студенттер қатысты.

Конференция барысында жұмыспен қамту және тағылымдама бөлімінің меңгерушісі Айсұлу Әнуарқызы Шалкеева педагогикалық тағылымдамалардың маңыздылығы туралы айтып, қажетті құжаттарды түсіндірді.

Конференциядан кейін студенттер тағылымдамадан өту алдында сұрақтарына жауаптар мен пайдалы ұсыныстар алды.

Ташкентте ІІІ Халықаралық «Алтын қанат» Арт агро бейнелеу өнері фестивалі өтті

Ташкентте ІІІ Халықаралық «Алтын қанат» Арт агро бейнелеу өнері фестивалі өтті.
2026 жылдың 27 сәуірі мен 7 мамыры аралығында Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті ұйымдастыруымен дәстүрлі ІІІ Халықаралық Арт агро «Алтын қанат» бейнелеу өнері фестивалі жоғары деңгейде өтті. Халықаралық өнер мерекесіне әлемнің бірнеше елдерінен суретшілер қатысып, өз шығармашылық туындыларын көпшілік назарына ұсынды.Фестиваль аясындағы іс-шаралар Өзбекстанның тарихи әрі мәдени маңызы зор Самарқанд, Бұхара және Ташкент қалаларында ұйымдастырылды. Фестивальдің негізгі ерекшелігі – ауыл шаруашылығы тақырыбын бейнелеу өнері арқылы насихаттау және аграрлық саланың көркемдік қырын таныту болды.
Аталған халықаралық фестивальге Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Сәулет және дизайн» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, доцент, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Асан Сүйерқұлұлы Байназаров қатысып, өз туындыларын таныстырды. Оның шығармалары көрермендер мен фестиваль қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.
Сонымен қатар, фестиваль барысында Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті мен Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті арасында өзара ынтымақтастықты нығайту, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту, студенттер мен магистранттар арасында тәжірибе алмасу бағытындағы меморандум мен келісімшартқа қол қойылды. Аталған меморандум аясында тараптар алдағы уақытта ғылым, білім және шығармашылық салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асырып, ұзақ мерзімді серіктестік байланыс орнататын болады.

Қазіргі білім беру бағдарламаларын жаңарту: инновациялар және жұмыс беруші көзқарасы

Қазіргі білім беру бағдарламаларын жаңарту: инновациялар және жұмыс беруші көзқарасы

2026 жылғы 6 мамырда «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Искакова Лаура Тұрлыбекқызының бастамасымен кафедра ұжымының ұйымдастыруымен «Қазіргі білім беру бағдарламаларын жаңарту: инновациялар және жұмыс беруші көзқарасы» тақырыбында мазмұнды семинар өткізілді.

Семинарға білім беру саласының тәжірибелі мамандары мен жұмыс беруші ұйым өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Alan халықаралық мектебінің директоры Ж.А. Тажиева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының директоры М.А. Медетбекова, №23 мектеп-лицейдің директоры Ж.Д. Тойлыбаева, Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның директоры А.С. Қайыпов, Шымкент қаласы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ директорының орынбасары Ж.Б. Утесинова, №24 балабақшаның меңгерушісі Г.Е. Тойбаева, Саз колледжі директорының міндетін атқарушы Е. Абдухайымов, AL-NUR7 бөбекжай-бақшасының әдіскері Г. Ахметова, сондай-ақ №23 мектеп-лицейдің психологы Д.А. Тойлыбаева, Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның музыка мұғалімі Г.А. Елжанова және бастауыш сынып мұғалімі Г.Т. Бекмухамедова өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында білім беру бағдарламаларын жаңарту аясында жаңа пәндерді енгізу мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар жасанды интеллект, инклюзивті білім беру және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы «Адал азамат» бағыты бойынша жұмыстарды 2026–2027 оқу жылының білім беру бағдарламаларына енгізу жөнінде нақты ұсыныстар білдірді.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған тиімді диалог алаңына айналды. Семинар нәтижесінде жұмыс берушілер мен академиялық қауымдастық арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды шешімдер қабылданды.

Шымкенттің Арбатында жас флористер мен дизайнерлер байқауы өтіп, оған шамамен 50 адам қатысты

Шымкенттің Арбатында жас флористер мен дизайнерлер байқауы өтіп, оған шамамен 50 адам қатысты. Көрмеде ұлттық қолөнер бұйымдары мен гүл композициялары ұсынылып, мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Академик А. Куатбекова атындағы Халықтар достығы университетінің дизайн бағдарламасының студенттері де шығармашылық жұмыстарын таныстырды.

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМДІ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМДІ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің делегациясы Польша Республикасының Кельце қаласындағы жоғары оқу орнында ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған халықаралық кездесуге қатысты.

Сапар барысында университет делегациясы аталған оқу орнының ректоры, проректорлары, декандары және студенттерімен жүздесіп, өзара әріптестікті дамыту бағыттарын жан-жақты талқылады. Кездесу қорытындысында екіжақты серіктестікті нығайту мақсатында келісімшартқа қол қойылды.

Тараптар ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу, академиялық ұтқырлықты дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ педагогикалық және экономикалық мамандықтар бойынша қос диплом бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша нақты келіссөздер жүргізді.

Польшадағы әріптестер университет делегациясын ерекше ықыласпен қарсы алып, жоғары деңгейде құрмет көрсетті. Бұл кездесу халықаралық байланыстарды кеңейтіп, білім мен ғылым саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам болды.

Алдағы уақытта қол жеткізілген келісімдер нақты жобалар арқылы жүзеге асырылып, екі оқу орны арасындағы серіктестік табысты жалғасын табады деп сенеміз.

Бүгін Филология кафедрасының ұйымдастыруымен білім мен ғылымның өзекті бағыттарын тоғыстырған маңызды семинар өтті.

Бүгін Филология кафедрасының ұйымдастыруымен білім мен ғылымның өзекті бағыттарын тоғыстырған маңызды семинар өтті. Заманауи білім беру үдерісіндегі цифрландыру мүмкіндіктері, тәжірибе мен теорияның сабақтастығы, білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Филология кафедрасы мен жұмыс берушілер арасындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру мен білім алушылардың практика барысындағы жұмыстарын жандандыру бойынша «Цифрлық трансформация – білім мен ғылымның жаңа серпіні» атты семинар өтті.

Іс-шараға Мамыт Амангелді Алтыбайұлы – Ж.Тәшенов атындағы университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., Мусабаев Руслан Сапаралиевич – Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Мыңбаева Үрзия Ізбасарқызы – Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары, Аширов Мухан Зулпидинович – Отырар колледжінің тәрбие бөлімінің басшысы, Мирзахмедов Аскар Алибекович – Abylaikhan innovative school директоры, Мырзадаулет Гүлнұр Хабибуллақызы – Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында цифрлық трансформацияның білім мен ғылымдағы рөлі, болашақ мамандар даярлаудағы жаңа мүмкіндіктер, жұмыс берушілермен өзара байланыс пен тәжірибе алмасудың маңыздылығы сөз болды.

🌿 Осындай тағылымды кездесулер білім сапасын арттырып қана қоймай, болашақ мамандардың кәсіби дамуына тың серпін беретіні анық. Филология кафедрасы мен серіктестер арасындағы бұл байланыс алдағы уақытта да жемісті жобалар мен игі бастамалардың негізі болмақ.