Сіздерді шуақты да жарқын мерекеміз – Білім күнімен құттықтаймыз!
Мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді ұрпақтың келешегіне тікелей байланысты. 2019 жылды – «Жастар жылы» деп жариялануы да бекер емес. Осы бастаманың арқасында біз жастарға сапалы білім беріп, оларды жұмыспен қамтамасыз етуді қолға алып отырмыз. «Оқу инемен құдық қазғанмен тең» деп бабаларымыз айтпақшы, заман талабына сай жақсы білім алып, лайықты маман, абыройлы азамат болу үшін үлкен жігер мен қажырлылық, табандылық керек. Бұл орайда оқу ордамыз әрбір студенттің бәсекеге қабілетті маман иесі болып шығуына бар күшін салуда. Биылғы оқу жылында дарынды шәкірттеріміздің саны артып, алға қойған айқын мақсаттарымыздың орындалуына тілектеспін! Үлкен үміттерге толы Білім күні Сіздердің үлкен арман-мақсаттарыңыздың орындалуына бастама болсын! Ізгі ниетпен: «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының ұжымы! 2019 жылдың 02 қырүйегінде университетімізде «Білім күні» мерекесіне орай «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты мерекелік салтанатты іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараға университет басшылығы, профессор – оқытушылар, студенттер және олардың ата-аналары қатысты. «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының барлық мамандық студенттеріне «Адалдық сағаты» атты тәрбие сағаты өтті. Студенттерді адалдыққа, парасаттылыққа, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсылыққа және оны болдырмауға атсалысуға шақырды. «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының профессор-оқытушылары университет студенттер қатарына қабылданған 1 курс студенттеріне білім күнімен және оқу жылының басталуымен құттықтап мамандық жайында мәлімет беріп өтті. Аталған іс-шараға университетіміздің президенті Нұрлан Әбдімұсаұлы қатысып, студенттердің қолынан дайындалған бауырсақтардың дәмін татып, оларға сәттілік тіледі. Одан бөлек, іс шараға Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор, Гуманитарлы-педагогикалық факультеті мен Жаратылыстану инженерлі факультетінің декандары қатысып, Bay`yrsaq party-ге белсене қатысқан студенттерді арнайы алғыс хатпен марапаттады. 2019 жылдың 24 – қазан күні Қазақстан Халқы Ассамблеясында академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің құрылғанына 20 жыл толуы мен ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, х.ғ.к., профессор, аталмыш университеттің негізін қалаушылардың бірі, Қуатбекова Кәрамат Пердешқызының 75 – жылдық мерейтойына арналған «ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИНТЕРНАЦИОЛИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясындағы ұйымдастырылған қөрме. Университет Жастар ісі жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен «Жайдарман- Маусымашар 2019» ойыны ұйымдастырылған болатын. Аталған жайдарман ойынына «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының 1 курс студенттері «Онлайн» командасы атынан қатысып көрермен көзайымына айналып, 1/8 ойындарына жолдама алды. Ағымдағы жылдың 13 қараша күні академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде дәстүрлі “Студенттер қатарына қабылдау” мерекесі өтті. Салтанатты шараны ашып беру және құттықтау үшін сөз университет президенті, т.ғ. к., профессор Қуатбеков Нұрлан Әбдімүсаұлына берілді. Университет басшысы өз кезегінде 1 курс студенттерін студент қатарына қабылдау рәсімімен құттықтап,сәттілік тіледі және арнайы университет белсенді студенттерге Алғыс хатпен марапаттады. 14 қараша 2019 ж. академик Ә.Қуатбеков атындағы білім беру ғылыми-әдістемелік орталығында “Серіктес жоғары оқу орындарымен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу және қосдипломды білім беру қағидалары “тақырыбында семинар өтті. Аталған семинардың негізгі мақсаты “Рухани жаңғыру-болашаққа көзқарас” бағдарламасы аясында студенттерді екі дипломдық білім беру бойынша жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, оқытушыларды дайындау болып табылады.- 2019 жыл университет жастары алғаш рет «BAУ`YRSAQ PARTY» шарасын ұйымдастырды. Іс-шараның ұйымдастырылу мақсаты ұлттық салт – дәстүрді, ұлттық тағамдарды студент қатарына қосылған шет ел студенттеріне таныстыру және дәріптеу болды. «BAУ`YRSAQ PARTY» іс-шарасын ұйымдастыру барысында университет жастары өздерінің ұйымшылдығын, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін жоғары деңгейде ұстана білетінін 1 курс қатарына қосылған студенттерге университет профессор оқытушыларына және қонақтарға көрсете білді.
Жалпы компетенциялар
5В071900- Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының бакалавларын дайындауда ақпараттық технологиялар және заманауи техникалық жабдықтардың коммуникативті мәселелрді шешуді пайдаланып, мәдени, интелектуалды, физикалық және кәсіптік жетілу, өздігінен дамудын келешегін түсініп білу, оқу және бақылау, тану жабдықтары мен әдістерін қолдану.
А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің JB-621-19 топ студенттері ТОО Шымкент «Транстелеком» өндірісінде диплом алды іс тәжірибеден өтуде:
Кафедрада 6В06210-«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының жұмыс оқу жоспарларындағы таңдау пәндеріне талдау жасалып, өзекті емес пәндердің орнына қазіргі кезде сұранысқа ие пәндермен алмастырылды. Осы мақсатта жұмыс берушінің сұраныстары ескерілді және қаладағы ЖОО-ң мамандарының пікірлерімен санаса отырып мамандықтың таңдау пәндер ауқымы кеңейді.Жұмыс беруші мекеме қызметкерлері: «Транстелеком» АҚ филиалы «Шымкенттранстелеком» филиалы Басқарушы директорының орынбасары Л.А.Арзыкулов , «Казтелерадио» АҚ филиалы ОҚ ОДРТ инженері Ф.А Рашидов және «Мирас» университетінің «Ақпараттар технологиясы және телекоммуникациялар» кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.н. Н. Дүйсеновтер қатысты. Жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша жұмыс оқу жоспарындағы таңдау пәндерін мейілінше мамандықты тереңдете үйретуге байланысты етіп жасап, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру қажеттілігі ескерілді. Білімсапасын арттыру мақсатында арнайы кесте бойынша осы оқу жылының жоспары бойынша 8 ашық сабақтар және 11 өзара сабаққа қатысу жоспарланды. 2017-2018 оқу жылының 8 ашықжәне 11 өзара сабақтарға қатысты.
-
-
Кафедра аға оқытушысы Джолдасов Ш. «Бағыттаушы электр байланыс жүйелері» пәнінен ашық сабақ өткізу кезеңі
-
-
т.ғ.к., доцент Тукубаев З. Б.«Телекоммуникациялық желілерде ақпаратты қорғау, әдістері мен алгоритмдері» тақырыбында : «Телекоммуникациялық жүйелердегі ақпаратты қорғау» пәнінен ашық сабақ өткізуде.
- Түлектер моделі – 6В06210-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Түлектер моделі – 7М06210-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Түлектер моделі – 6В07110 Электроэнергетика
Бүгінде – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының түлектері: «Қазақстан-Шымкент» РТРК, «Хабар» Агенттігі, «Алтел» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ филиалы «Шымкенттранстелеком», «ALOOTelecom» ЖШС, «Алси» ЖШС, «DosTelecom» ЖШС, «Astel» ЖШС, «Мобаил Телеком Сервис» ЖШС, «ИНФРА-КОМ» ЖШС, «VIDEOSECURITY.kz» ЖШС, «КазНипиэнергетикиисвязь» ЖШС, «Техникалық бюро» ЖШС сынды мекемелерде қызмет етеді.
- «Жас радиотехник»
- «Электроншы»