2023 жылдың 24 – 26 қыркүйегі күндері П. Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің профессоры, физ – матем. ғылымдарының докторы, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Роберт Гарабшевич Мухарлямов математика, информатика және ақпараттық технологиялар бағытында білім алып жатқан 1,2,3 – курс студентеріне және магистранттарға сыртқы академиалық ұтқырлық бағдарламасы аясында лекция оқыды. Осы уақыт аралығында профессор – оқытушылар құрамына ғылыми семинар ұйымдастырып, өзінің бағыты бойынша ғылыми баяндама жасады.
Ғылыми семинар жас ғалымдар мен магистранттар үшін өте қызықты өтіп, олар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, Мәскеу қаласына аспирантураға түсу жолдарын, жетекшілерді таңдау бойынша сұрақтарға да жауап алды.
Университет басшылары қадірлі қонағымызды сапарының сәтті аяқталуына байланысты естелік сыйлықтармен марапаттады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі
2023 жылдың 30-маусым күні Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 6D010300-“Педагогика және психология” мамандығының докторанты Қуатбеков Асхат Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Болашақ білім беру менеджерінің медиа құзыреттілігін қалыптастыруды психологиялық-педагогикалық қолдау» атты тақырыбында 8D01110-«Педагогика және психология» философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін сәтті қорғауымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Философия докторы (PhD) диссертациясының сәтті қорғалуымен құттықтаймыз!
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САНА МЕН МӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕЛЕУ
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 2023 жылдың 15-наурызы күні «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алғышарты ретінде сананы қалыптастыру: қоғамдық сана, әдептілік (адамгершілік), саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана» тақырыбында магистранттарға ашық семинар сабақ өтті. Семинарға университеттің І-ші проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Утенов, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі бастығы Б.Омарова, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен 1-2 курс магистранттары қатысты.
Ашық семинарда тақырып аясында заң ғылымдарының докторы, профессор Жалбуров Еркінбек Тиянақбайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі жоғары болса, азаматтар қоғамда сыбайлас жемқорлықтың тұрақсыз екенін сезінетін дәрежеде болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы болу, оларды жария түрде жоққа шығару қажеттілігіне тоқталды.
«Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты А.Исмаилов қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылуда, осы бағытта бірқатар бағдарламалық қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында міндеттерді іске асыратын арнай уәкілетті орган құрылғанын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылу жолдарына тоқталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы маңызды орын алатын негізгі мәселелерге магистранттар өздерінің ойларымен бөлісіп пікір алмасты.
«Құқықтану» кафедрасы
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 2023 жылдың 6-наурыз күні «Филология» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы Жаңабекова Айман Әбідәқызы «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты тақырыпта магистранттарға ашық семинар өткізді. Семинарға «Филология» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Ұ.Қайырбекова, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы Б.Омарова, 7М01710-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының магистранттары қатысты.
Ашық семинар барысында Қазақстан лингвистикасы тіл туралы ғылымның барлық бағыттарын қамтидығына тоқталды. Бұған соңғы жылдары отандық ғалымдардың еңбектері дәлел бола алады. Отандық тілтанушы ғалымдардың міндеті қазақ тіл білімін әлемдік лингвистика деңгейіне көтеру, оны серпінді, инновациялық зерттеулер есебінен бәсекеге қабілетті дамыту болып отыр. Әстүрлі сипаттамалық-жүйелік арнада зерттеулер де жалғасып келеді, мәселен, сөздік құрамның компьютерлік қорының, қазақ тілінің ұлттық корпусының деректер базасы үнемі жаңа материалдармен толықтырылып отырады, терминологиялық қор одан әрі жинақталып жатыр, ономастикалық сөздіктер жасау, түркі тіл білімінде, түркі мәдениетінде баламасы жоқ этнолингвистикалық сөздікті әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.Фонология, интонология, эксперименттік фонетика, терминология, ономастика, лексикология, сөйлеу мәдениеті, диалектология, орфография, лексикография, функционалдық грамматика, лингвокультурология, қазақ әдеби тілінің тарихы, түркология саласында психолингвистикалық, лингвофилософиялық және этнолингвистикалық аспектілерде үлкен зерттеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Мәтін лингвистикасы, бірнеше тәуелсіз сөйлемнен тұратын, байланысты сөйлеу контекстінде семантикалық тұтастыққа ие суперфразалық бірліктердің құрылымдық және семантикалық жақтарын зерттейтін тіл білімінің саласы тез дамып келеді. Мәтін бірліктерін анықтаумен қатар, мәтін, дискурс деңгейіндегі логикалық-семантикалық қатынастар анықталып жатыр. Лингвистикалық жүйенің әртүрлі деңгейлеріндегі дискурсивті зерттеулер коммуникативті-прагматикалық тұрғыдан ерекше танымалдыққа ие болып отырғандығы жайлы нақты слайдта мысалдар көрсетіліп, тың деректермен хабардар етілді.
Семинар соңы тіл маманы оқытушылары мен магистранттар тарапынан қызу пікірталасқа ұласты. Олар тақырыпқа қатысты тың идеялар мен ұсыныстарын ортаға салды. Семинар қатысушылар тарапынан жоғары деңгейде өтті деген баға алды. Осындай танымдық деңгейді дамытып отыратын семинарлар жиі өткізіліп тұрса деген тілектер айтып тарқасты.
«Филология» кафедрасы
ЗЕРТТЕУ ПРАКТИКАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
2022-2023 оқу жылында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті 2023 жылдың 3 ақпан күні ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Раимбердиев, Жұмыспен қамту және практика бөлімінің меңгерушісі А.Шалкеева, ЖООК білім беру бөлімінің меңгерушісі Б.Омарова, мамандар шығарушы кафедра меңгерушілері, зерттеу практика жетекшілері мен ғылыми жетекшілері, 2-курс магистранттардың қатысуымен ұйымдастыру конференция өтті.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бекіткен кестесі бойынша 2023 жылдың 06 ақпан – 28 мамыр аралығында диссертациялық зерттеу тақырыптарына байланысты отандық ғылымның ең жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, эксприментті деректерді өңдеудің және түсінік берудің қазіргі заманғы әдістерімен танысу мақсатында жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу орталықтары, институттар, мұражай, музей, лаборатория, өндірістер, жоғары орындарына т.б. келісім шарт негізінде екінші курс магистранттары: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Теориялық және қолданбалы математика» ғылыми орталығы , М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақтан университеті «Тіл дамыту» ғылыми орталығы, «Эко-Фарм» ЖШС, «Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шарушылығы ғылыми зерттеу» институты ЖШС мекемесі, Орталық Азия Инновациялық Университеті, «Ана-Жер» Ғылыми өндірістік бірлестігі ЖШС мекемесі, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының коммуналдық мемлекеттік архиві, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейіне жіберілді.
Сөз алған ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Раимбердиев тәжірибе жетекшілеріне магистранттарға тәжірибеден өтуге қажетті әдістемелік құжаттарды дайындап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді және тәжірибеден өткен қорытындысын аяқталғаннан кейінгі бір апта аралығында жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөліміне өткізу тапсырылды.
Жоғары оқу орынан кейінгі білім беру бөлімі
МАГИСТРАНТТАР КЕЗЕКТІ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ КЕЗЕҢІНДЕ
2022-2023 оқу жылында 2023 жылдың 16-қаңтар 03-ақпан аралығында Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің 7М01520-«Информатика», 7М01540-«Биология», 7М01710-«Қазақ тілі мен әдебиеті», 7М01720-«Шетел тілі: екі шет тілі», 7М04209-«Құқықтану», 7М04110-«Экономика», 7М07140-«Есеп және аудит», 7М01610-«Тарих», 7М05401-«Математика», 7М01530-«Химия», 7М01520-«Математика» білім беру бағдарламаларының 2-курс магистранттары ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Магистранттардың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін жеке өтініштері мен екі жақты жасалған келісім шарт негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент қ.), Орталық Азия Инновациялық университеті (Шымкент қ.), Ж.Ташенов атындағы университет (Шымкент қ.) ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберілді. Арнайы кафедра, ЖООКББ бөлімі тарапынан ұйымдастырушы жетекші мамандар тағайындалды.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі тарапынан магистранттарға ғылыми тағылымдамадан өту талаптарымен таныстыру мақсатында вебинар өткізілді.
Магистранттар ғылыми тағылымдамалары дайындықтың басты құзыреттіліктерді бекіту, кәсіби деңгейін арттыру, мамандық бойынша оқыту біліктілігін арттыру және тәжірибелік дағдыларды жетілдіру, мамандықтар бойынша оқу саласындағы жаңа жетістіктермен танысу, шет тілін білуді жетілдіру және мәдени және жалпы білім беру деңгейін жоғарылатуға бағытталды. Ғылыми тағылымдамадан өту кезеңінде магистранттар университеттің кәсіби мамандарының сабақтарына қатысуға, магистрлік диссертациялар бойынша жетекші ғалымдардың кеңестерін алуға, сондай-ақ ғылыми мақалаларды дайындауға, желілік электронды ресурстарды пайдалануға, жеке ақпарат пен мультимедиалық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік берілді. Барлық магистранттарға тағылымдамалардан өткені туралы сертификаттар салтанатты түрде тапстырылды.
Жоғары оқу орынан кейінгі білім беру бөлімі
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ: ОНЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ
3 курс докторанттарымен есептік кездесу
2020 жылдың 18-қараша күні Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 6D010300-«Педагогика және психология» мамандығының 3-курс докторанттарымен кездесу өтті. Кездесуге І-ші проректор Қ.Байболов, ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Раимбердиев, «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Е.Омар, кафедра-эдвайзері А.Макулова, докторанттар: Б.Омарова, Т.Асанов, Ж.Әбдімұса, А.Куатбеков, Р.Конашева, Д.Даулеталиева, Е.Мырзабеков қатысты. ЖООКББ бөлімінің аға әдіскері Г.Тоқсанбаева ғылым бөлімінің университет докторанттарымен өзара әрекеттесуі жайлы баяндама жасады, сондай-ақ докторанттардың Жеке жұмыс жоспарының ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру бойынша есеп беру тәртібін ұсынды.
Дөңгелек столды ұйымдастырудағы басты мақсат – 2020-2021 оқу жылында докторантураны (PhD) бітіргелі отырған докторанттардың диссертациялық жұмыстарының орындалу барысын талқылау.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ғылыми дәрежелерді беру ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығына 2020 жылдың 30 сәуірінде енгізілген өзгерістермен толықтырулармен №170 бұйрық талаптарының орындалуын негізге ала отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындап жүрген 3-курс докторанттарының докторлық диссертация жұмыстарының бүгінгі орындалу мән-жайын докторанттармен жеке-жеке сөз қозғалды.
Сөз алған 6D010300-«Педагогика және психология» мамандығының 3-курс докторанттары Б.Омарова, Т.Асанов, Ж.Әбдімұса, А.Куатбеков, Р.Конашева, Д.Даулеталиева, Е.Мырзабеков докторлық диссертациялық жұмыстарының педагогикалық кадрлар даярлау бағыттары үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторға ие немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасында индекстелетін басылымдар; сондай-ақ Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша белгілі бір процентиль көрсеткіші бар басылымдарда ғылыми мақалаларын жариялауды міндетке алып отырғандарын және докторлық диссетацияларын белгіленген мерзімде қорғауға дайындық жұмыстары жүріп жатқандықтарын айтты.
Ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Раимбердиев докторанттарға диссертация жазуға қатысты бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтты. Докторанттардың дайындығы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының атқарылуы туралы оң пікірін білдірді.
«Педагогика және психология» кафедрасының магистр – аға оқытушысы (эдвайзер) А.Макулова докторанттардың докторлық диссертацияларын кафедрада қорғау маусым айына жоспарланып отырғанын және докторанттардың ғылыми-теориялық және зерттеу-аналитикалық деңгейін, қалыптасқан кәсіби және басқару құзіреттерін, кәсіби міндеттерін өз бетінше орындауға және кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламалары талаптарына сай дайындығын бағалу болып табылады. Докторанттардың жоғары дайындық деңгейі мен алдағы қорғауға дайындығын атап өтті.
Докторанттар тарапынан барлық ескертулер мен ұсыныстар оң қабылданды. Қазіргі уақытта тиісті кафедраларда диссертациялық жұмыстарды алдын ала қорғауға дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Б.ОМАРОВА,
Жоғары оқу орынан кейінгі білім
беру бөлімінің бастығы
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті үш сатылы «бакалавриат-магистратура-докторантура PhD» мамандар даярлаудың заманауи жүйесіне толығымен көшкен республикамыздағы жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.
Магистратурада білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты жоғарғы оқу орындары үшін және ғылыми – зерттеу секторлары үшін терең ғылыми – педагогикалық дайындығы бар кадрлар дайындайтын жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Магистратураның бейіндік бағыттағы түрі өндіріс орындары мен сәйкес мамандық сфераларына тереңдетілген білімі бар кадрларды дайындайды. Магистрант диплом алу үшін теориялық білім алумен қатар, іс тәжірибеден өтіп, магистрлік диписсертациялық жұмыс қорғайды.
PhD докторантура – магистратурадан кейінгі білім беру бағдарламасына бағытталған. Білімнің бұл саласы – заманауи инновациялық технолоргиялар негізінде әлемдік ең үздік тәжірибелерге сүйене отырып жоғары квалификациялы ғылыми мамандар дайындайтын сала.
PhD докторантура халықаралық талаптарға және Болон процесінің принциптеріне сәйкес ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау үрдісін жетілдіруді қамтамасыз етеді. PhD докторанттарға тек республикамызда емес, сонымен бірге шет елдерде де кеңінен танымал жетекші ғалымдар, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінен шет елдік серіктестері де ғылыми жетекшілік жасайды.
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы магистранттары университеттің кең көлемдегі халықаралық байланыстарының арқасында магистранттар шетелдегі жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарында білім алуға және тәжірибеден өту үшін шетелге шығуға мүмкіндіктер бар. Университетте магистранттар мен доктаранттар үшін жыл сайын шетелден шақырылған профессорлар дәріс оқиды.
Қазіргі таңда университетте 11 білім беру бағдарламалары бойынша магистратурада, 1 білім беру бағдардамасы бойынша PhD докторантурада кадрлар дайындалады.
Мамандандырылған Халықаралық аккредиттеуден 7М011110-Педагогика және психология, 7М01540-Биология, 7М01610-Тарих, 7М01710-Қазақ тілі мен әдебиеті, 7М07110-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықары өткен.
ЖООКББ бөлімінің бастығы:
Омарова Бекзат Амангелдіқызы
Мекен-жайы: 160011, Шымкент қаласы,
Төле би 32, №105 кабинет
Телефон: 8-7252-95-25-62
E-mail: bekzat.1972.26@mail.ru
1990-1995 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика мамандығын бітірген. 2002-2005 жылдары аралығында аталмыш университеттің «журналистика» мамандығы бойынша Аспирантураның күндізгі бөлімінде білім алды.
2010-2012 жылдар аралығында академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің магистратурасында оқып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын бастаған уақыттан бері қырықтан аса ғылыми жұмыстары аймақтық, республикалық, халықаралық журналдарға жарияланған. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Білім беру үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Білім беру, ғылым жолындағы ізденіс жұмыстары үшін облыстық, университет басшылығы тарапынан көптеген дипломдарымен, мақтау қағаздарымен қоса алғыс хаттарымен марапатталған. 2016 жылы А.Байтұрсынов атындағы Тіл Білімі институты, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-де «Қазіргі тіл білімінің пәнаралық аспектілері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинардың тыңдаушысы болды. 2017 жылы «НААР» тәуелсіз агентігінің «Білім беру сапасын университет ішілік қамтамасыз ету жүйесін» атты семинар-тренингтің сертификатын алған. 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2019 жылы Түркия мемлекетінде ” Applied Meta-analysis in Educational Sciences” курсына қатысып, сертификат алды.
2019 жылы Украина мемлекетіндегі М. П. Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің «Психологиялық кеңес беру негіздері.Инклюзия жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің бейімделуінің психологиялық технологиялары» атты біліктілікті арттыру курсына (72 сағат) қатысып, сертификат алды.
Білімі: | Жоғары |
Бітірген жылы: | 2021 ж. |
Білімі бойынша мамандығы: | Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы |
Қандай шет тілдерін және ТМД халықтарының тілдерін біледі: | орыс, ағылшын |
Еңбек қызметі: | 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері. |
E-mail: | Indira_arnabekova01@mail.ru |
Мекен-жайы: | 160011, Шымкент қаласы, Төле би 32, №110А кабинет |
Телефон: | 8-7252-95-25-62 |
________________________
№ | Код жәнежіктелуібілім беру саласы бойынша | Кадрларды даярлау бағыттарының атаулары | № | Білім беру бағдарламаларының шифры мен атауы | |
1 | 7M01 Педагогикалық ғылымдар | 7М011 Педагогика және психология | 1 | 7М01101 – Педагогика және психология | |
2 | 7М015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау | 2 | 7М01514- Математика | ||
3 | 7М01520-Информатика | ||||
4 | 7М01530-Химия | ||||
5 | 7М01540-Биология | ||||
3 | 7М017- Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау | 6 | 7М01710-Қазақ тілі мен әдебиеті | ||
7М01720-Шетел тілі: екі шетел тілі | |||||
4 | 7М016 Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау | 8 | 7М01610- Тарих | ||
5 | 7M04 Бизнес, басқару және құқық | 7М041 Бизнес және басқару | 9 | 7М04140-Есеп және аудит | |
10 | 7М04110-Экономика | ||||
6 | 7М042 Құқық | 11 | 7М04209 –Құқықтану | ||
7 | 7M06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 7М062 Телекоммуникациялар | 12 | 7М06210-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар | |
8 | 7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары | 7М071 Инженерия және инженерлік іс | 13 | 7М07112-Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
№ | Код жәнежіктелуібілім беру саласы бойынша | Кадрларды даярлау бағыттарының атаулары | № | Білім беру бағдарламаларының шифры мен атауы |
1 | 8D01 Педагогикалық ғылымдар | 8D011 Педагогика және психология | 1 | 8D01110- Педагогика және психология |
2 | 8D015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау | 2 | 8D01540- Химия | |
3 | 8D01550- Биология |
Магистратура
7М01110 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім магистрлерінің кәсіби қызмет нысандары: білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үрдісіне психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, білімдік үрдісті ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, білім беру мекемесіндегі ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет, әлеуметтік-педагогикалық әрекет, осы бағыттағы бітірушілерге қатысы бар ЖОО-ындағы педагогикалық колледждердегі, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі білім беру мекемесіндегі оқу-тәрбиелік қызмет.
Кафедра болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында келесі білім және тәрбие мекемелерімен оқу, ғылыми, шығармашылық байланыстарды жүзеге асырады:
- ЖОО-ры мен ғылыми орталықтар, ұйымдар: Психология Ғылымдарының Халықаралық Академиясы (Ресей, Ярославль қ.), Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекстан, Ташкент қ.). Пенжикент қаласындағы Тәжік педагогикалық институты (Тәжікстан, Пенжикент қ.), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті (Шымкент қ.), Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университет (Шымкент қ.) және т.б.
- Жалпы білім беретін орта мектептер: №35,27,69,39,56,36,38,113,81,45,97, «Қызылқұм», «Манкент», Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп (Шымкент қ.);
- Колледждер: “Отырар” колледжі; “Парасат” колледжі (Шымкент қ.).
- Балабақшалар: Нұрлан», «Керемет Оңтүстік», «Сымбат-ай», «Ұлмерей», «Алтын балапан» (Шымкент қ.);
- Арнайы мекемелер: «Сайрам көмекші мектеп-интернаты», «Бірегей чемпион» (Шымкент қ.);
Каферада студенттерді ғылымға баулитын «Жас педагог» және «Жас психолог» үйірмелері жұмыс істейді.
- Математика – Кәсіби қызмет саласы
7М01514 – «Математика» білім беру бағдарламасының түлегі өзінің кәсіби қызметін білім және ғылым саласында жүзеге асырады.
- Кәсіби қызмет обьектілері
Бітіруші түлектердің кәсіби қызмет нысаны
- меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгідегі және түрдегі арнаулы орта, жоғары білім беру ұйымдары;
- ғылыми-зерттеу мекемелері мен білім беруді ақпараттандыру орталықтары;
- компьютерлік технологияларды өз жұмысында пайдаланатын түрлі меншік нысандарындағы білім беру жүйесінің ұйымдары болып табылады
7М01514 – «Математика» мамандығы бойынша магистр келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
- оқыту;
- ұйымдастыру-тәрбиелік;
- әлеуметтік және педагогикалық.
Информатика – Кәсіби қызмет саласы.
мемлекеттік басқару ұйымдарда, оқытушы болып жоғары және орта –арнаулы оқу орындарында, ғылыми – зерттеу мекемелерінде және білімді ақпараттандыру орталығында, компьютерлік білім беру технологияларын өзінің жұмысында пайдаланатын басқа да ұйымдарында.
Кәсіби қызмет обьектілері.
7М01520 – Информатика мамандығы түлектерінің кәсіби қызмет объектілері бағыты бойынша;
мемлекеттік және білім беру мекемелері, жоғарғы және орта-арнайы оқу орындарында ғылыми және педагогикалық дайындау:
мемлекеттік және білім беру мекемелері, жоғарғы және орта-арнайы оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен орталықтары, білім беруді ақпараттандыруды ұйымдастыратын әр түрлі жеке меншік білім беру компьютерлік технологиялар қолданушылыр.
Кәсіби қызметтің түрлері.
Магистратура 7М01520 – Информатика мамандығының түлектері келесі бағыттар бойынша кәсіби қызмет атқара алады:
профильді даярлық кезінде:
– оқытушы;
-ұйымдастыру-тәрбиелік;
-әлеуметтік-педагогикалық.
ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде:
-ғылыми-зерттеу;
-оқытушы;
-түзету-дамытушылық;
-кеңес беру;
-мәдени-ағарту;
-ұйымдастыру-тәрбиелік;
-әлеуметтік-педагогикалық.
Кәсіби қызметтің бағыттары
- Профильді;
- ғылыми және педагогикалық.
Биология
Қазіргі заманғы ақпараттық ағындарды бағдарлау және қарқынды өзгермелі үрдістерді бейімдеу;
Кәсіби іс-әрекетте қажетті негізгі білім, білік, дағды мен құзыреттіліктерді қалыптастыру;
Жоғары білім беру мекемелерінде, білім беру мекемелерінде, білім беру ұйымдарында, ғылыми-білім беру ұйымдарында ғылыми, білім беру, кәсіптік және тәжірибелік қызметті жүзеге асыру үшін іргелі біліммен, инновациялық тәсілдермен, жаңа ғылыми білім беру шеберлерін дайындау.
Жалпы білім берудің міндеттері:
– қоғамдағы әлеуметтік жауапты мінез-құлықты қалыптастыру, кәсіби этикалық нормалардың маңыздылығын түсіну және осы нормаларды ұстану;
– өздерінің кәсіби мансаптары бойынша өзгеретін жағдайларға сәтті бейімделуге мүмкіндік беретін дағдылар мен өмір бойы оқыту дағдыларын қамтамасыз ету;
– дамудың жоғары жалпы интеллектуалды деңгейін иелену, педагогикалық білім беру саласында сауатты және дамыған сөйлеуді, ойлау мәдениетін және ғылыми ұйымдастыру жұмыстарын меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
– педагогикалық білім беру саласында бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру, олардың мамандық бойынша тезірек жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз ету немесе кейінгі білім деңгейінде үздіксіз білім алу.
Қолдана білуі:
Өзінің кәсіби әрекетін ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыруға қойылатын қазіргі талаптар тұрғысынан жоспарлай алады;
Биологиялық тәжірибелерді зерделеп, меңгереді.
Жаһандану мен интернациялизацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын; ғылыми танымның әдіснамасын; белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін зерттеуі.
Біліктілігі:
Кәсіптік қызмет саласы – инновациялық педагогикалық қызмет, профилактика, диагностикалау және кеңес беру, педагогикалық білім беру, психологиялық және психотерапиялық көмек, білім беру және әлеуметтік педагогикалық қызмет саласы.
Құзіреттілігі:
– шет тілінде негізгі коммуникативті дағдыларды меңгеру – түсіну, сөйлеу және түсіндірме ұғымдар, әлеуметтік және мәдени мәнмәтіндердің тиісті ауқымында ауызша және жазбаша (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу) медиациялық және мәдениетаралық түсіністіктерді меңгеру дағдылары;
– Сыни ойлау, түсіндіру, шығармашылық талдау, қорытынды тұжырымдау, бағалау дағдыларына ие болу қабілеті; кәсіби мақсаттарға қол жеткізу үшін ғылыми жобаларды басқару, қызметкерлерді басқару, кәсіпкерлік дағдыларды көрсету; ымыраға келу, өз пікірін команданың пікірімен байланыстыру мүмкіндігі; іскерлік этиканы сақтау; кәсіби және жеке өсуге ұмтылу; Командада жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдерді ұсыну; басқа адамдарға төзімділік таныту;
– компьютермен жұмыс істеу, коммуникацияға арналған қазіргі заманғы ақпараттық және цифрлық технологияларды сеніммен және сыни қолдануға, компьютер арқылы ақпарат алмасуға, бағалауға, сақтауға, шығаруға, таныстыруға және алмасуға, қарым-қатынас жасайтын ннтернет желісінде кәсіби қызмет етуге;
– қоғамдық пікірге, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыптарға, нормаларға негізделген әлеуметтік және этикалық құндылықтарды меңгеру және олардың кәсіби қызметінде басшылық ету қабілеті; Қазақстан халықтарының мәдениетін білу және олардың дәстүрлерін сақтау; Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасын, оның ішінде білім беру саласындағы іргелі негіздерін сақтауға; қоғамның әлеуметтік даму тенденцияларын білу; әртүрлі әлеуметтік жағдайларды барабар шарлау; ымыраға ие болуға, өз пікіріңізді команданың пікірімен байланыстыруға; меншікті іскерлік этика, мінез-құлықтың этика және құқықтық нормалар; кәсіби және жеке өсуге ұмтылу; Командада жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдерді ұсыну; басқа адамдарға төзімділік таныту;
– экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен әдістерін білу және түсіну, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлі; экономикалық білім негіздерін меңгеру; сыни ойлау, түсіндіру, шығармашылық талдаулар, қорытындылар жасау, бағалау; кәсіптік мақсаттарға жету үшін жобаларды басқару, қызметкерлерді басқару, кәсіпкерлік дағдыларын көрсету.
– педагогикалық ғылымдар саласында базалық білімді меңгеру, негізгі ұғымдарды, заңдарды, теорияларды және процестерді түсіндіруге және қолдануға, оларды педагогикалық мәселелерді шешуге қолдануға, нәтижелерді талдауға және қорытынды жасауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты жүзеге асыруға; критерийлік бағалауды, педагогикалық инновацияларды және технологияларды ескере отырып, студенттердің психологиялық және физиологиялық дамуын, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар және әртүрлі жас кезеңдеріндегі білім беру үрдісіндегі көріністерін білу, педагогиканың, психологияның және кәсіби қызметтегі оқыту әдістерін білу, олардың педагогикалық дағдыларын дамытуға ұмтылу; магистратурада кәсіби күнделікті іс-әрекеттер мен үздіксіз білім алу үшін қажетті жаңа білім алу дағдыларына ие болу;
– Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін білу және түсіну қабілеті, әлемнің басқа ұлттарының дәстүрлері мен мәдениетіне толерантты мінез-құлық көзқарастарын біледі; зиянға ұшырамайтын, рухани қасиеттерге ие, зиялы адам ретінде қалыптасу.
– сыни ойлау, түсіндіру, шығармашылық талдаулар, қорытындылар жасау, бағалау; шығармашылық және белсенді өмір салты бар; белгісіздік және тәуекел жағдайында кәсіби шешімдер қабылдау.
– кәсіптік саланы зерттеудегі педагогика мен психологияның теориялық және әдіснамалық негіздерін білу;
– педагогика мен психологияның өзекті мәселелерін зерттеу, психологиялық-педагогикалық ғылым мен білімнің дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындау мүмкіндігі; Кәсіби саланы зерттеуде педагогика мен психологияның теориялық және әдіснамалық негіздерін білу;
– педагогика мен психологияның өзекті мәселелерін зерттеу, психологиялық-педагогикалық ғылым мен білімнің дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындау мүмкіндігі;
– Университеттің барлық оқу үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыру саласындағы жетекші бағыттардағы заманауи зерттеу әдістерін қолдану мүмкіндігі;
– Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қалыптастыруға дайын болу: ғылыми баяндамалар, шолулар, аналитикалық ақпараттар және түсіндірме жазбалар;
– Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы саясатының негізгі бағыттарын білуге дайын болу.
– Университеттің интегралды педагогикалық үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жаңа формалары, әдістері, технологиялары бойынша өз қызметін пайдалану мүмкіндігі;
– Қазақстандағы және шетелдегі білім беру теориясы мен практикасындағы білімнің ғылыми әдістерін және даму үрдістерінің негізгі кезеңдерін пайдалану дағдысын меңгеру;
– білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық базаның ақпараттық-білім беру технологиялары бойынша білімі болуы;
– нақты психологиялық-педагогикалық проблемаларды шешуде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі;
– кәсіби қызметте психологиялық-педагогикалық білім саласын пайдалануды үйрену дағдысын меңгеру;
– Зерттеу дағдыларын меңгеру және практикада, сондай-ақ білім саласындағы заңнамалық және нормативтік құжаттарды зерттеу әдістерін қолдану.
– Университеттің тұтас педагогикалық үдерісін, білім берудің нақты мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ұйымдастыру және іске асыру сатыларын құруға;
– университеттің нысаны мен мазмұнын, университеттің және аймақтың оқу үдерістерін және проблемаларын басқаруды ұйымдастыру;
– университет оқытушысының ғылыми-педагогикалық қызметін жоспарлау және ұйымдастыру;
Біліктілік және лауазымдар тізбесі.
Аталған білім бағдарламасын бітіруші тұлғаларына 7М01610 – Тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі. 7М01610 – Тарих мамандығы бойынша бітіруші магистр әр түрлі типтегі білім беру мекемелерінде, сонымен қатар жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми-әдістемелік бөлімдерінде және бағыт бойынша басқада салаларда қызмет етуіне болады.
7М01610 – Тарих мамандығы бойынша магистрінің біліктілік сипаттамасы
Кәсіби қызмет нысандары -жоғарғы оқу орындары; -ғылыми-зерттеу институттары; – әкімшілік-басқарушылық – ведомстволық ғылыми-зерттеу ұйымдары – республикалық, облыстық және аудандық халыққа білім беру бөлімдері – облыстық және аудандық әдістемелік орталықтар – бақылау-талдау қызметтері, орталықтар, баспалар.
Кәсіби қызмет түрлері 7М01610 – Тарих мамандығы бойынша магистратураны бітірушілер төмендегідей кәсіби кәсіби қызметтің түрлерін орындай алады: -білім беру (педагогикалық) -ғылыми-зерттеу; -методикалық; -сараптамалық-кеңесшілік; -әкімшілік-басқарушылық.
Академиялық дәрежесі: 7М04140- «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.
Кәсіби қызметінің саласы: мемлекеттік органдар, Салық комитеті, статистика бойынша ҚР Агенттігі; экономиканың түрлі салаларында, барлық меншік үлгісіндегі мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы мемлекеттік экономика үлестіру басқармасының органдары, ғылыми-зерттеу мекемелері.
Кәсіби қызметінің нысандары: экономиканың түрлі салаларында және статистикалық органдарда ұйымдардың мүдделеріне активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар, өндірістен қаржылық нәтижелері, операциялық, коммерциялық, қаржылық және инвестициялық қызмет, сондай-ақ басқа да құндылықтар болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ұйымдастырушылық-техникалық;
- есептік-жобалау;
- ұйымдастыру-басқару;
- ғылыми-зерттеу;
- білім беру (педагогикалық).
Академиялық дәрежесі: 7М04110- «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.
Кәсіби қызметінің саласы: Салық комитеті, статистика бойынша ҚР Агенттігі; экономиканың түрлі салаларында, барлық меншік үлгісіндегі мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы мемлекеттік экономика үлестіру басқармасының органдары, ұйымның міндеттемелері және мүлік есебі, шарушылыө операциялар жүргізу және ресісдеу, бюджет және бюджетпен тыс қорлармен есеп жұргізу, ғылыми-зерттеу мекемелері.
Кәсіби қызметінің нысандары: экономиканың түрлі салаларында және статистикалық органдарда ұйымдардың мүдделеріне активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар, өндірістен қаржылық нәтижелері, операциялық, коммерциялық, қаржылық және инвестициялық қызмет, экономика, талдау және кәсіпорынды басқару, зерттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ басқа да құндылықтар болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ұйымдастырушылық-техникалық;
- есептік-жобалау;
- ұйымдастыру-басқару;
- ғылыми-зерттеу;
- білім беру (педагогикалық).
Академиялық дәрежесі: “Құқық магистрі” (1 жыл), “Заң ғылымдары магистрі” (2 жыл)
Кәсіби қызметінің саласы: қазақстандық және халықаралық еңбек нарығындағы тәжірибелік заң қызметі, құқықтану саласындағы зерттеу қызметі, қазақстандық және халықаралық білім беру үдерісіне қатысу.
Кәсіби қызметінің нысандары:
бейінді бағыт бойынша – әкімшілік-басқарушылық, сарапшылық-консультативтік, заңи, ұйымдастырушылық-басқарушылық;
ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша – білімдік, ғылыми-зерттеу, әдістемелік, әкімшілік-басқарушылық, ұйымдастырушылық-басқарушылық.
Кәсіби қызметінің түрлері:
бейінді бағыт бойынша түлектер құқық қорғау органдарында, сот органдарында, әділет органдарында, мемлекеттік органдарда, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда қызмет атқара алады;
ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша білім беру саласында, ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыспен айналыса алады.
Магистратура бағдарламасының мақсаты: шетел тілді білімі бар, шығармашылық тұрғыдан ойлайтын және отандық әрі әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Магистратурада кадрлар ғылыми-педагогикалық бағытта даярланады. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін терең ғылыми-педагогикалық білімі бар кадрларды жоғары оқу орнынан кейін даярлайтын білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Аталмыш бағдарлама шеңберінде магистрант түбегейлі даярланады. Бұл ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ, жоғары мектепте сабақ жүргізу құқығын береді.
Кәсіби қызметінің түрлері:
-ғылыми-педагогикалық;
-ғылыми-зерттеу;
-білімдік-педагогикалық.
8D01110 – «Педагогика және психология» эссе тақырыптары
Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғауға дайындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
Академиялық аттестаудан өткізудің негізгі ережесі
Ғылыми тағылымдамадан өткізу ережесі
Магистрант пен докторанттардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру ережесі
Ішкі байланыстар академиялық ұтқырлық бойынша магистранттар саны
№ | ЖОО атауы | 2016-2017 | 2017-2018 | 2018-2019 | 2022-2023 |
1 | Аймақтық әлеуметтік-инновацияық универсиеті | 9 | 8 | 3 | |
2 | ҚазҰУ әл-Фараби атындағы университеті | 1 | |||
3 | Сырдария университеті | 2 | |||
4 | Орта Азия инновациялық университеті | 8 | |||
5 | Тешенев университеті | 2 | |||
Сыртқы байланыстар академиялық ұтқырлық бойынша магистранттар саны | |||||
№ | ЖОО атауы | 2016-2017 | 2017-2018 | 2018-2019 | 2022-2023 |
1 | Тәжікстан педагогикалық институты | 7 | |||
2 | И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті | 11 |
МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ
Магистратура және докторантура құжаттар тапсыру мерзімі 3-25 шілде.
Магистратура және докторантураға түсуші үміткерлер 2 емтихан тапсырады, шетел тілінен және мамандық бойынша.
Түсу емтихандары:
– шетел тілінен емтихан тапсыру мерзімі 08-16 тамыз аралығында
– мамандық бойынша емтихан 17-25 тамыз аралығында
– оқуға қабылдау 28 тамыз
Ағылшын тіліндегі бағытталған магистратура және докторантураға түсушілер үшін кешенді тестілеу 08-16 тамыз аралығында өткізіледі.
Магистратураға түсуші үміткерлердің «Бакалавр» академиялық дәрежесі болуы міндетті.
Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және “Магистр” дәрежесі бар адамдар қабылданады.
1 | ғылыми-педагогикалық (магистратура, докторантура) | барлығы 150 балдан кем емес, соның ішінде шет тілінен кем дегенде 50 балл |
2 | бейіндік бағыттағы (магистратура, докторантура) | барлығы 130 балдан кем емес, соның ішінде шет тілінен кем дегенде 30 балл |
- Шетел тілінен емтихан
Шетел тілінен емтихан ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының технологияларына сәйкес тест түрінде алынады.
Шетел тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары шетел тілінен тапсыратын емтиханынан босатылады.
- Мамандық бойынша тапсырылатын емтихан
Шетел тілінен жеткілікті балл жинаған үміткерлер екінші мамандық бойынша тапсыратын емтиханға жіберіледі.Магистратураға түсуші тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады: - ұйым басшысының атына өтініш;
- жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы нотариальды куәландырылған құжат қөшірмесі мен түпнұсқасы.
- кадрлар есебі бойынша жеке парағы және нотариальды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
- 3 х 4 көлеміндегі 6 фотосурет;
- 086-У нысанындағы медициналық анықтама қағазы (флюрография міндетті);
- Жеке куәлігінің көшірмесі;
- Қосымша құжаттар (грамота, сертификаттар ж.е.т.б.);
- Бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі;
- тесттілеуге қатысу үшін төленген төлемақы квитанциясы (оригинал + көшірме, ХАЛЫҚ БАНКІНЕ төлеген 4200 теңге төлем);
- Мекен-жай анықтамасы
Докторантураға түсу үшін тапсыратын құжаттар тізімі:
1) ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын тапсыратын қала көрсетілген өтініші;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) жоғары оқу орнын бітірген дипломын және магистратура дипломының нотариальды куәландырылған құжат қөшірмесі мен түпнұсқасы.
4) осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін;
5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (3,3-форма);
6) 3×4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
7) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
8) кадрлар есебі бойынша жеке іс-парағы және жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын құжат;
9) құжаттар тізімдемесі;
10) 20 папка файл;
11) тесттілеуге қатысу үшін төленген төлемақы квитанциясы (оригинал копия, ХАЛЫҚ БАНКІНЕ төлеген 4200 тенге төлем)
12) Мекен-жай анықтамасы
13) “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” (БЖЗҚ) анықтамасы
Байланыс ақпараты:
Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы,
Төле би №32.
Телефон: 8 (7252) 95-25-62
Докторлық диссертация тақырыбы: «Болашақ биология мұғалімдерін интегративті тәсіл негізінде даярлау әдістемесі (педагогикалық жоғары оқу орны мысалында)
(Ғылыми кеңестің №4 хаттамасы, 26-қазан 2023ж)
Ғылыми жетекшісі: Б.ғ.д., профессор Ибадуллаева Салтанат Жарылқасынқызы,
техн.ғ.к., доцент м.а. Исаев Ғани Исаұлы
Шетелдік ғылыми жетекшісі: Түркия Республикасы, Гази университеті PhD, профессор Мехмет Акиф Созер
Зерттеу жұмысының бағыты: Педагогикалық жоғары оқу орындарында биология мұғалімдерін дайындауда әрқашан да биологиялық оқу материалдарын тиімді әдістер арқылы оқыту кәсіби даярлаудың негізгі бөлігі болып табылады. Әдістемелік дайындық білім алушыларға білім беруді ұйымдастыру формалары, әдістері, мазмұны мен мақсатын қамтитын жүйе ретінде қарастырылады. Солардың бірі, қазіргі уақытта интегративті тәсіл негізінде болашақ биология мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту, студенттермен биология бойынша практикалық және зертханалық сабақтарды өткізу әдістемесін жетілдіру, білім беру мазмұнына заманауи педагогикалық технологияларды енгізу ерекше маңызға ие болып отыр, бұл осы саладағы инновациялық тәсілге негізделген ғылыми-зерттеу жұмыстарын әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында жүзеге асыруды көздейді.
Өзектілігі: Жоғары оқу орны мамандар дайындауда білімді, ғылым мен өндірісті ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа ақпараттық-инновациялық технологиялар кешенін қолдана отырып дараландыру негізінде білім алушылардың шығармашылық даралығын, интеллектуалдық және практикалық қабілеттерін таныту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырады. Қазіргі кездегі қарқынды жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Білім беру парадигмасы өзгерді. Сондықтан болашақ мамандарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекет бүгінгі таңда барынша назар аударып отыр. Биолог мамандарды дайындауда ғылым мен практика жетістіктері негізінде, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарды игере отырып, кәсіби қалыптасқан тұлға, жаңа заманғы инновациялық бәсекеге қабілетті маман даярлау үрдісінде басты мақсат болып табылады.Ғылыми-зерттеу нәтижелерін қолдану, ғылыми білім беру заманауи өркениеттің негізгі діңгегі. Ғылым, білім беру үдерістерінің бірігуі нәтижесінде біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті маман дайындауға болады. Бүгінгі таңда «білім-ғылым-инновация» үштігі – Қазақстан Республикасы саясатының негізгі арқауына айналып отыр. Сондықтан да болашақ мұғалім даярлайтын педагогикалық жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу нәтижелерін қолдану, инновациялық технологияларға негізделген оқыту әдістерін пайдалану маңызды болып табылады.
Докторлық диссертацияның мақсаты: интегративті тәсіл негізінде болашақ биология мұғалімдерін даярлау әдістемесін жетілдіру.
Зерттеу жұмысының әдістері: бақылау, инновациялық технологияларға негізделген әдістер.
Докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеужұмысын орындауы: 1-курста: 13.11.2023ж.-15.12.2023 ж., 22.01.2024ж. -07.06.2024ж., 2-курста: 02.09.2024ж.-21.02.2025ж., 03.03.2025ж.-22.08.2025ж., 3-курста: 01.09.2025ж.-02.02.2026ж., 9.02.2026ж.-08.06.2026ж.
Түлектерді соңғы 3 жыл бойынша жұмыспен қамтамасыз ету
Оқу жылы | 2020-2021 | 2021-2022 | 2022-2023 | |||
Бітірушілер саны | 236 | % | 3 | % | 92 | % |
Жұмыспен қамтылағны | 232 | 87,8% | 3 | 100% | 89 | 85,5% |
Өз бетінше жұмысқа орналастырылды,оның ішінде мамандық бойынша | 218 | 72,46% | 3 | 100% | 76 | 80% |
№ | Шетелдік ЖОО атауы | Мемлекет |
1. | Нидэ Омер Халисдемир атындағы университет | Турция |
2. | Жоғарғы Силезиялық экономикалық университеті | Польша |
3. | Рязандық мемлекеттік радиотехникалық университеті | Ресей |
4. | Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті | Ресей |
5. | Мирзо Улугбек ат. Өзбекістан Ұлттық университеті | Өзбекістан |
6. | Бишкек қаржы-экономикалық академиясы | Қырғызстан |
7. | Бишкек гуманитарлық университеті | Қырғызстан |
8. | Мәскеу қаржы-өнеркәсіп «Синергия» университеті | Ресей |
9. | АИРУЗ ботаникалық және зоологиялық институты | Өзбекістан |
10. | Сібір бизнес-ақпараттық технология институты | Ресей |
11. | Қырғызстан Халықаралық университеті | Қырғызстан |
12. | Ташкент химия-технологиялық институты | Өзбекістан |
13. | Педжикент қаласындағы Тәжікстан педагогикалық институты | Тәжікстан |
14. | Мәскеу ашық институты | Ресей |
№ | ЖОО атауы | Қаласы |
1. | М.Әуезов ат. ОҚМУ | Шымкент |
2. | Абылайхан ат. Қазақ әлем тілдер және халықаралық байланыс университеті | Алматы |
3. | Абай ат. Қазақ ұлттық университеті | Алматы |
4. | Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті | Алматы |
5. | Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті | Алматы |
6. | Шәкәрім университеті | Семей |
7. | Қазақ-орыс халықаралық университеті | Ақтөбе |
8. | Мирас университеті | Шымкент |
9. | Silkway Халықаралық университеті | Шымкент |
10. | Қ.А. Яссауи ат. ХҚТУ | Түркістан |
11. | Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті | Шымкент |
12. | Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті | Семей |
13. | М.Сапарбаев ат. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты | Шымкент |