ХХІІ ғылыми-теориялық халықаралық конференциясында «7М01514 -Математика» білім беру бағдарламасының 1- курс магистранты І-орынды алды

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 2023 жылдың  15 ақпан күні магистранттар мен студенттерге арналған ХХІІ ғылыми-теориялық конференциясы  бірінші рет халықаралық деңгейде өтті. Конференцияның пленарлық мәжілісінде: Высшая Банковская школа в Варшаве (WSB Польша, Варшава,) студенті Майкл Яворский (ғылыми жетекшісі профессор Януш Собонь), Чирчик мемлекеттік педагогикалық университетінің (Өзбекстан Республикасы) 3 – курс студенті Уразбекова Сабина Суннатуллаевна (ғылыми жетекшісі Юлдашева Т.А.), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының 1- курс студенті Маратова Альбина Талгатовна (ғылыми жетекшісі PhD докторы Аккузова А.) және университетіміздің студенттері «6В04201-Құқықтану» білім бағдарламасының 1 курс студенті Мажитова Ұлбақыт Үсенбайқызы (ғылыми жетекшісі оқытушы Қожахметова Ж.Т.), «6В04130 Есеп және аудит» мамандығының 1 курс студенті Мамуржанова Рушанабану (ғылыми жетекшісі аға оқытушы, Абдурахманова З.А.), «7М01514 Математика» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Тойымбет Ұлжан Қайыржанқызы (ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Ақылбаев М.И.), «6В01550-Биология» білім беру бағдарламасының 4 – курс студенті Тұрсынбай Балнұр Талғатқызы (ғылыми жетекшісі б.ғ.к., аға оқытушы Ахметов Б.), «6В01730-Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Асал Равшанбекова (ғылыми жетекшісі магистр, аға оқытушы Оразтаева Ж.) баяндама жасалса, секциялық мәжілістерде 300-ге жуық баяндамалар тыңдалды.

Пленарлық мәжілісте жасалған баяндамалардың ішінде ғылыми жаңашылдығымен «7М01514 Математика» білім беру бағдарламасының 1- курс магистранты Тойымбет Ұлжан Қайыржанқызы «Полимерлі-минералды материалдарды қолдану арқылы су ресурстарын үнемдеудің математикалық моделін құру» атты тақырыпта жасаған баяндамасы 1-орынды иеленді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

Scroll to Top