ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫ: КЕЛЕШЕГІ МЕН ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті «Мұнай және құрылыс өндірістері» кафедрасының ұйымдастыруымен  2023 жылдың 17-ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына сәйкес «Жоғары сапалы тауарлы өнім алу мақсатында Қазақстандық мұнай және мұнайөнімдерін өңдеу процесін зерттеу» тақырыбында  7М07112 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы магистраттарына арналған ашық сабақ өтті. Ашық сабақ баяндамасын кафедраның доценті У.Сүлейменова жасады.

Ашық сабаққа университеттің оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректор м.а. Ж.Утенов, ғылыми және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор Т.Раимбердиев, жаратылыстану-инженерлік факультет деканы З.Илесов, ЖООКББ бастығы Б.Омарова, «Мұнай және құрылыс өндірістері» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында біздің өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану және ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндет болып табылады. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай-химия, автомобиль құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндірісі және басқа салалар. Ол шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында бірінші болып сөз сөйледі және пандемия кезінде мұнай-газ секторын өндіру қарқыны төмендемеуі керек екенін дәлелдеді. Ол үшін мұнай-газ секторын технологиялық жаңғыртуға көңіл бөлу маңызды. Сондықтан Мен әрқашан осы салада жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударамын. Мұнайға бай ел ретінде біз қолда бар әлеуетті барынша пайдалану үшін күш салуымыз керек. Еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кеніштерінде іске асырылатын жобалардың кестеге сәйкес жүргізілуі маңызды.  Қазақстан мұнайға бай және Біз өз әлеуетімізді тиімді пайдалануымыз керек” – деп атап өтті.

Сонымен қатар, Президент қоршаған ортаны қорғаудың және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың маңыздылығын, заманауи технологияларды қолдану және ескірген жабдықты жаңарту, шығарындыларды азайту, мұнай мен газдың ағып кетуіне жол бермеу қажеттілігін, мұнай-газ компанияларының ақпараттық ашықтығын және олардың осы жұмыстардағы экологиялық жауапкершілігін арттыру басты басымдық болатынына да баса назар аудару мәселелері қозғалды.

Ашық сабақтың тақырыбы бойынша кафедра профессор-оқытушылар құрамы мен білімгерлер тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. Ашық сабақ өз мақсатына жетті. Ол жайында арнайы қатысушылар:  ғылыми және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор Т.Раимбердиев, жаратылыстану-инженерлік факультет деканы З.Илесов, ЖООКББ бастығы Б.Омарова  жоғары пікір берді.

Scroll to Top