Оқытушы-профессорлық құрамның біліктіліктерін арттыруы – ғылыми-техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамудың отандық және халықаралық талаптарына сәйкес тиісті деңгейдегі негізгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде педагог кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыруға және алған білімін тереңдетуге бағытталған қосымша кәсіптік білім беру түрі, сонымен қатар жеке тұлғаның кәсіби біліктілігін арттырудағы жеке қажеттіліктерін жетілдіру.
2022-2023 оқу жылының 1-ші жартыжылдығында «Информатика және математика», «Химия және биология» кафедраларының профессор-оқытушылары ҚР ғылым және білім министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығы (14.07.2021 жылғы №339 бұйрығымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген) негізінде біліктілік талаптарын орындау мақсатында оқытатын пәндерінің бейініне сәйкес біліктілік арттыру курстарынан онлайн форматта өтті (72 сағат).
Біліктілік арттыру курстарын нәтижелі аяқтап, оқытушыларға сертификаттарын университеттің ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры техника ғылымдарының докторы, профессор Раимбердиев Талжан Пердешұлы табыстады.