1 Желтоқсан «Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күні»

1 желтоқсан – Дүниежүзілік “ЖИТС (СПИД)”-ке қарсы күрес күніне орай Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті және «Сана Сезім» ӘБҚО ҚБ мамандарымен бірлесіп, Шымкент қаласының адам көп жиналатын орны – “Арбат”алаңында ЖИТС-тің алдын алу мақсатында қала тұрғындарына және қонақтарына ақпараттандыру жүргізілді. Аталған іс-шараға университеттің “Құқықтану” кафедрасының оқытушысы, з.ғ.магистрі Қожахметова Жансая, Жастар бөлімінің басшысы Әлібек Бексейт және университетіміздің белсенді студенттері қатысты. Қала тұрғындарына «ЖИТС туралы не білесің?» тақырыбында сауалнамалар қойылып, нәтижесі бойынша тұрғындар сауаттылығы орташа деңгейде екендігі анықталды. Ақпараттандыру барысында қала тұрғындарын ЖИТС-тің жұғу жолдары және одан сақтану ережелерімен таныстыру мақсатында ақпараттар берілді. Іс-шара барысында аталмыш күннің символы болып табылатын қызыл түсті ленталар мен брошюралар таратылып, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына осы күннің маңыздылығы жайлы түсіндірілді.

Scroll to Top