«Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті

Бүгін Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті Ғылыми істер бөлімі мен «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен ”Желтоқсан оқиғасы-жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы”, ”Тарих –бір шежіре ізімен” кітабының тұсау кесері, негізінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысқан қонақтар:

1.Исабек Сәбит Қалдыкөзұлы «Желтоқсан халықтық отаншылдық қозғалысының» төрағасы

2. Ақылбаев Мұсабек м.ғ.к., доцент. Ғылыми істері жөніндегі проректоры

3. Исахов Хамит «Түркістан облысы қоғамдық келісім» мекемесінің мұшесі

4. Мұстафаев Бақытжан Жаспионерлер үйінің директоры

5. Пәзілов Әбдраш факультет деканы

6. Найманбаев Бекмұрат т.ғ.д. профессор

7. Жанысбеков Әшім т.ғ.к., профессор

8. №33 ЖОМ тарих пәні мұғалімдері Майланова Данагүл, Адырбекова Айнұр

9. Кемелбеков Қынатбек филос.ғ.к.,доцент «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы, студенттер. Т.ғ.к., доцент Нартбаев Шымырбай модератор болып, жиынды жүргізіп отырды. Жиынды Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды. Желтоқсан жайлы бейне роликтер көрсетіліп, қонақтардың барлығы да желтоқсан жайлы ойларын айтып өтті. Тарихта желтоқсан тақырыбы ашылмаған күйінде қалғандығы және өз бағасын алмағандығы айтылды. «Желтоқсан халықтық отаншылдық қозғалысының» төрағасы  Исабек Сәбит «Ұлттық намыс туын көтерген Желтоқсан» ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына арналған еңбегін тарту етті. Жиын соңында Ш.Ж.Нартбаевтың бастамасымен жарыққа шыққан «Тарих-бір шежіре ізімен» атты монографиясының тұсауы кесілді.

Scroll to Top