«Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 02.12.2022 ж А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

ОӘЖ жөніндегі проректоры з.ғ.к., доцент Утенов Жұмахан Жарқынбекұлы құттықтау сөз сөйледі
Конференцияға Түркістан облысы мен Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері, мәслихат депутаттары, Қазақстанның және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары және ғылыми-зерттеу институттарының сарапшылары және тағы да басқа ұйымдар қатысты. Конференция аясында пленарлық отырыста тар.ғ.д., профессор Осман Йорулмаз /Мимар Синан өнер университеті, Стамбул қ., Түркия
п.ғ.д., профессор Қ. Йулдошев /Алишер Навои атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университеті, Ташкент қ., Өзбекістан.
п.ғ.д., профессор Қ. Йулдошев /Алишер Навои атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университеті, Ташкент қ., Өзбекістан.
фил.ғ.д., профессор С.А. Тиллебаев /Ж. Баласағын атын. Қырғыз Ұлттық университеті, Бішкек қ., Қырғызстан.
фил.ғ.д., профессор Б.Қ. Момынова /А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Алматы қ., Қазақстан
профессор Булент Байрам /Қ.А. Ясауи атын. Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан

Конференцияның мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу, насихаттау және көпшілікке таныстыру.

Конференцияның маңызы: Ахмет Байтұрсынұлының қоғам қайраткері, ғалым-лингвист, ағартушы педагог ретіндегі түрлі сан алуан қырлары ашылды; қазіргі зерттеулер, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі дәстүрлер мен жаңалықтар, жаһандану мәселелері, патриоттық тәрбие, мәдени мұраны сақтау және ұлттық мәдениеттің даму тенденциялары қарастырылды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top