Цифрлы конференция

2023 жылғы 18-19 мамырда “Адамға бағдарланған басқару: цифрлық қоғамның болашағы” Халықаралық қатысуымен ұлттық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің бас цифрлық офицері, цифрландыру жөніндегі проректор Мақсат Есенов “Университет ортасындағы цифрлық трансформация, ақпараттық және киберқауіпсіздік” атты тақырыптық баяндама жасады.

Конференцияның мақсаты: цифрлық қоғамдағы әлеуметтік басқарудың озық отандық және шетелдік тәжірибесін түсіну және талдау; халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы әлеуметтік басқарудың жаңа сапасының сипаттамаларын анықтау; жастар мен ғылыми қоғамдастықтың ғылыми-зерттеу белсенділігін ынталандыру.

5 елден 150-ден астам қатысушы болды: Ресей – Армения-Беларусь – Қазақстан-Өзбекстан.

Конференция қорытындысы бойынша қатысу туралы сертификаттар табысталды.

Scroll to Top
Scroll to Top