Студенттер дипломалды іс-тәжірибеден өтуде қорытынды конференциясы

«Экономика» кафедрасының 4 курс студенттері  6В00411-«Экономика», 6В04130-«Есеп және аудит»,  6В04140-«Қаржы», және 6В0420 – «Менеджмент», 6В04150 «Мемлекеттік жергілікті басқару» білім беру бағдарламалар бойынша 25 қантар мен 7 сәуір аралығында «Azala Cotton» ЖШС, «Шымкент қаласы Енбекші ауданының әкім аппарат», «Каспий банк» АҚ,  «Ернур-пресс» ЖШС, «Корпорация Ақорда», «Электроаппарат» ЖШС ірі кәсіпорындарында дипломалды іс-тәжірибесін келісім-шарт бойынша өтті.

Осыған орай 2023 жылдың 12 сәуір күні білім алушыларының мамандырылған іс-тәжірибесінің қорытындылау конференциясын өткіздік. Қорытынды конференцияға кафедра меңгерушісі Б.Н. Сабенова,  кафедрада тәжірибеге жауапты Бердибекова Г.С. Абдурахманова З.А., Ж.Т. Кененбаева, С.М. Тулебаева, А.С.Дильдабекова  қатысты.

Қорытынды конференцияда студенттер өздерінің іс-тәжірибе барысында жасаған жұмыстарына есеп берді. Іс-тәжірибенің қиындықтары мен жетістіктері талқыланып, студенттер ой-пікірлерімен, ұсыныстарымен бөлісті. Диплом алды іс-тәжірибе, студенттердің мекеме қызметімен толықтай танысуына, олардың өз болашақ мамандықтырына деген қызығушылығын арта түскенін, әлі бұл мамандықтың қаншалықты жауапты мамандық екендігіне көзін жеткізді.

Студенттер өз кезегінде жақсы, университет қабырғасында алған теориялық білімін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлік экономикалық дайындық, ұйымдастырушылық қабілет тез шешім қабылдай білу мен іскерлік секілді қасиеттерді үйренгендігін және өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түскендігін айтты.

Іс-тәжірибеден өту барысында Ирисбекова Эльнара, Шірінбек Ақжарқын, Әбдіқадыр Бекзат, Айтбаев Олжас Мұратали Төлеген және т.б. студенттеріміз  іс-тәжірибеден өтуін мақтанышпен айтып шықты және  білім дәрежеге үлкен септігін тигізетінін, жақсы маман болатындығын дәлелдеп, кәсіпорындағы басшылары біздің студенттерімізді  оқуды бітірген соң, жұмыс орнында қалуына және оларға жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетініне уәде берді. Осы студенттеріміз алғыс хатқа ие болды

Жалпы айтқанда, іс-тәжірибенің өту барысында берілген бағаның жоғары екендігін білдірді біздің бітіруші студенттеріміз.  Болашақ сапалы маман болып шығуына кадрларды дайындау мәселесінде бітірушілердің мамандандырылған іс-тәжірибесінің алатын маңыздылығын айтып, болашақта нағыз маман иесі болуына студенттерімізге сәттілік тіледік. Біз студенттерімізбен мақтанамыз және жақсы маман болатындығына сенеміз!

Scroll to Top