Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің білім алушыларына қалалық тәртіп сақшылары “Лудомания”, “Интернет алаяқтық” және “Отбасындағы зорлық-зомбылық” тақырыбы зияндылығы жөнінде насихаттау-профилактикалық кездесуін өткізді. Іс-шараның мақсаты-жас студенттердің аталған мәселелер бойынша алдын алуда үгіт-насихат жүргізу, сала мамандарының ақыл кеңестерін алу.
Қазіргі уақытта ҚР азаматтарының қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар кеңінен атқарылуда дейді киберполиция мамандары. Жауаптылардың сөзінше, қоғам дертіне айналған бұл мәселе қарапайым халықтың қаржы саласынан хабарсыз екенін көрсетеді.
Шара соңында білім алушылар тәртіп сақшыларға интернет алаяқтық, криптовалюта турасында сұрақтарын қойып, дер кезінде жауап алды.