Университетіміздің білім алушылары, Әл-Фараби аудандық әкімдігі аппаратының қызметкерлері, Ә-Фараби аудандық полиция басқарамасы өкілдері бірлесе отырып, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында арнайы флешмоб ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты:
-Қоғамда зорлық-зомбылық мәселесіне назар аудару;
-Бұл мәселеге қарсы күресуде бірлік пен жауапкершілікті арттыру;
-Студенттер арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Флешмоб қатысушылары зорлық-зомбылыққа қарсы үндеулерді қолдап, өз ойларын ортаға салды. Олар қауіпсіз және әділетті қоғам құрудың маңыздылығын атап өтті.
Бұл шара жастарды әлеуметтік жауапкершілікке баулып, құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған маңызды қадам болды.