Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен
«Жастардың келеңсіз жағдайға тап болуының алдын алуға арналған психо-эмоционалды профилактика» тақырыбында маңызды іс-шара өтті.
Тренингті тәжірибелі психолог, гештальт-терапевт, PhD доктор, доцент Салтанат Сайлауқызы Асанова өткізді.
Шараға Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Ж.Б. Адилбекова қатысып, тәжірибе алмасты.
Кездесу барысында жастардың психо-эмоционалдық жағдайы, күйзеліс пен ішкі қақтығыстардың алдын алу, өзін-өзі реттеу, эмоционалды тұрақтылық тақырыптары қозғалды.
Шара жастардың ішкі әлеуетін тануға, өзіндік бағасын көтеруге және салауатты психологиялық орта қалыптастыруға бағытталды.
