2025-2026 оқу жылындағы педагогикалық білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс білім алушыларының ұйымдастыру конференциясы

04.09.2025 жыл сағ 10.00, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде педагогикалық білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс білім алушыларының ұйымдастыру конференциясы болып 2025-2026 оқу жылының 4 курс білім алушылары өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибеге жіберілді. Конференцияға Оқу әдістемелік істер жөніндегі проректор, Түлектерді жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлім меңгерушісі,Тәрбие және әлеуметтік  істер жөніндегі проректор,  декандар, 4 курс білім алушылары қатысты.

Конференцияны академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жұмыспен қамту және тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Шалкеева Айсұлу Әнуарқызы ашып, білім алушылар үшін өндірістік педагогикалық практиканың маңыздылығын атап өтті. Өз сөзінде Шалкеева А.А. өндірістік тәжірибеден өтуге қажетті құжаттар туралы ақпаратпен таныстырып, бітіруші білім алушыларға сәттілік тіледі.

Университетіміздің оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректор Бердибекова Гулмира Султанбековна  4 курс білім алушылара конференцияда теориялық білім мен практикалық дағдыны ұштастыруға бағыт-бағдар беретін маңызды  іс-шара екенін атап өтіп, практика – бұл теориялық білімді іс жүзінде қолдану және кәсіби тәжірибені жетілдірудің басты қадамы ескертті.

Университеттің тәрбие және әлеуметтік істер  жөніндегі проректоры Садықов Бердіқұл Қадырқұлұлы да бітіруші түлектерді өндірістік тәжірибенің басталуымен құттықтады.

Конференция барысында Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің гуманитарлық педагогикалық факультетінің деканы Купешова Айгүл Қуанышқызы білім алушылардың  тағылымдамадан өту барысында алған тәжірибесі мен білімі болашақ ұстаздардың кәсіби құзіреттілігі мен кәсіби шеберлігіне қадам болатынына сенім білдірді.

Заман талабына сай маман дайындау басты міндет. Бүгінгі күнде білімді, бәсекелестік қабілеті бар,  ізденімпаз, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, жан-жақты дамыған мамандар сұранысқа ие болып отыр.

Конференцияның соңында білім алушылар түсінбеген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Өресі биік ой-пікірлерге толы конференция білім алушылардың практика алдындағы үлкен рухани серпілісі болды.Құнды ойлар мен берілген бағыт-бағдар білім алушылардың практика кезінде таптырмас азығы болады деп сенеміз.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх