2025 жылғы 1 қазанда Қазақстандағы Жасанды интеллект апталығы және IT Week UDN аясында академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Coworking аймағында «Матрица» (1999) фильміне арналған кино-көрме өтті. Бұл туынды — жасанды интеллект тақырыбын қозғаған алғашқы фильмдердің бірі, мұнда технологияларға тәуелділік мәселесі матрица метафорасы арқылы бейнеленеді.
Кино-көрмені ГНС E-Tech Hub өкілі — Жақыпбаев Б.Е. ұйымдастырды. Шараға арнайы қонақ ретінде «Педагогика және психология» кафедрасының PhD, аға оқытушысы Мырзабеков Е.Е. қатысты. Ол: «Қазіргі өмір жағдайында оқытушылар үшін жасанды интеллекттің психологиясы қандай?» деген сұрақ қойып, көрме қатысушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бұл сұрақ жасанды интеллекттің этикалық нормалары туралы терең ойлануға себеп болды.
