Ағымдағы жылдың 2 қазаны күні ғылыми-әдістемелік семинардың кезекті отырысы болып өтті. Аталған семинарда Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінен келген қонағымыз PhD, доцент Е. Кененбаев
«Эволюция средств коммуникации на материале виртуального коммуникативного процесса» атты тақырыпта ғылыми баяндамасын жасады. Баяндама филология бағыты бойынша өзінің зерттеу тақырыбына сай болып, семинар қатысушыларымен диалог ретінде жүргізілді.
Семинар соңында баяндамашыға бірнеше сұрақтар қойылып, болашақ зерттеу жұмыстарына табыс тіледі.
