Экономикалық  білім беру бағдарламасының  білім алушыларына арналған  МОНОГРАФИЯ  жарыққа шықты

Аталған монографияның авторы – университетіміздің оқытушысы, Э. ғ. к., профессор М.Р. Туртаев

«Жоғары оқу орындарында студенттерді даярлаудың әлеуметтік-экономикалық аспектілері»   деп аталатын монографияда — автордың экономика саласындағы, ғылыми-өндірістік қызметтегі, автокөлік, денсаулық сақтау және білім беру жүйесіндегі сонымен бірге, инновациялық қызметтегі,шаруашылық және нарықтық реформалар жағдайындағы практикалық тәжірибе мақалалары ұсынылған. Жоғарыда аталған бағыттар бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері — бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Мақалалар, жоғарыда аталған салаларды реформалаудағы пайымдау бағыты  негіздерінің бірі ретінде, қазіргі кезеңдегі мәселелердің  мәнін толық ашады.

Монография — экономика және білім беру саласындағы менеджмент бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына сонымен бірге, жоғары оқу орындарындағы экономикалық білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх