Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының арасында өткізілген «Қылмыстық құқық – Конституция нормаларын жүзеге асырудың дербес саласы» тақырыбы бойынша пәндік олимпиада

2025 жылы 19 қарашада «Мирас» университетінде «Қылмыстық құқық – Конституция нормаларын жүзеге асырудың дербес саласы» тақырыбында пәндік олимпиада ұйымдастырылды.

Іс шараның мақсаты: студенттердің қылмыстық құқық саласындағы теориялық және практикалық дайындық деңгейін анықтау, олардың кәсіби құқықтық ойлауын дамыту, сондай-ақ Шымкент қаласының жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Қазылар алқасының құрамы:

Мелдебек Мадина Жаксылыккызы — Шымкент каласы Полиция департаментінің Ақпараттық саясат басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры;

Мейркулова Гульмира ДаулетхановнаМ. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті;

Тултабаев З.Ч. — з.ғ.к., аға оқытушы Ж. Ә. Тәшенов атындағы университеті;

Бекболат Қасым Ахметжанұлы — Шымкент қаласының адвокаттар алқасының адвокаты;

Серик Гулназ — магистр, аға оқытушы Мирас университеті.

Олимпиадаға 6 команда қатысты:

«AUEZ leaders» – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті;

«Ақиқат» – Ж. Ә. Тәшенов атындағы университет;

«АЙБЫН» – Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті;

«Дарынды жастар» – Орталық Азия Инновациялық университеті;

«Жеті Жарғы» – Шымкент университеті;

«Судья Х» – «Мирас» университеті.

Сайыс барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі құқықтық дайындықтары мен қылмыстық заңнама нормаларын терең меңгергендерін көрсетіп, бес кезеңнен тұратын конкурстық тапсырмаларды сәтті орындады.

Олимпиада нәтижелері:

I орын – «AUEZ leaders» командасы;

II орын – «Судья Х» командасы;

III орын – «АЙБЫН» командасы.

Жеңімпаздар мен қатысушылар «Мирас» университеті тарапынан дипломдар, сертификаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх